Мұхтар Тайжан: Марғұланнан бір тиын алмадым

7614
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталында  кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанға жазған хаты жарияланған болатын.  https://adyrna.kz/post/36071   Мұхтардың да жауабы көп кешіктірмеді.

"Марғұлан Сейсембайдың маған қатысты жазған постын оқыдым. Айтарым: мен оған бұрын да, қазір де бірде бір тиын қарыз емеспін. Мұны ашық мәлімдеймін. Егер сөзім жалған болса, елді құр босқа шулатпай, қаражат алғанымды дәлелдесін. Екі баламды оқыту оңай болмағандықтан, елден ақша алған кездерім болған. Бірақ, маған ол жандардың ешбірі қарызын қайтармады деп айта алмайды. Қарызға алған ақшаны қайтармау, өзіңе сенген адамды алдау – маған және біздің ата бабамызға жат қылық.

Маған ел алдында осындай айыптаулар таққаннан кейін, өзімнің ар-намысым мен қадір-қасиетімді сот алдында қорғаудан басқа амалым қалмай отыр. Алайда, бұл іске Рамазан айы аяқталғаннан кейін ғана кірісемін. Сондай-ақ, Марғұланның өзінің де жағдайы қазір мәз болып тұрған жоқ. Тағы айта кететін жәйт, мен бұл айда желідегі текетірестерге араласуды жөн көрмеймін.

PS. Менің оны қорғаудан бас тартуым өзімнің жеке құқығым . Мен бұл күндері басқа посттар немесе ол туралы мәліметтерді еш жерде жарияламадым" деп мәлімдемесін аяқтаған Мұхтар Тайжан.

 

Пікірлер