Министр Біртанов коронавирусқа тест тапсырады

2409
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «Адырна» ұлттық порталы  Денсаулық сақтау вице министрі қызметін атқарған  Камалжан Надыровтың короновирус жұқтырғанын жазған болатын.   Енді осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов COVID-19-ға тест тапсыратын болды. Мұны министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.

«Елжан Біртанов бүгін коронавирусқа сараптама тапсырады. Нәтижесі белгілі болғанда міндетті түрде айтамыз», - деді Диас Ахметшәріп.

Оның айтуынша, 30 наурыздан бастап министрліктің орталық аппаратының 90 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

«Үшінші апта үйден жұмыс істеп жатырмыз. Жиын мен басқа да жұмыстар видеобайланыс арқылы жүргізіліп жатыр. Жұмысқа тек министрдің өзі барып жүр, ол кабинетінде оқшауланған. Сондай-ақ, тағы бірнеше адам бар. Сол ғимаратта болғандардың барлығы тест тапсырады», - деді министрліктің ресми өкілі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер