Карантинді балалармен қалай қызықты өткізуге болады

5468
Adyrna.kz Telegram

Карантин режиміне байланысты қазір көптеген ата-аналар үйде іші пысып отырған балаларының көңілін аулауға тырысады. Azattyq Rýhy еліміздегі ең жас микробиолог, вундеркинд бала Дариан Едрешевтің анасы Ирина Едрешевамен тілдесіп, балалармен карантинді қалай қызық өткізуге болатынын білген екен.

Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Ирина бүгінгі таңда үш баланың анасы. Олардың отбасында 7 жастағы тұңғыштары Дарианнан бөлек, 5 жастағы – Адриана және 3 жастағы – Амалия есімді қыздары бар. Бала тәрбиесіне қатысты түрлі ақпараттарды зерттегенді жақсы көремін деген Иринаның негізгі мамандығы – қаржыгер.

«Мен экономика саласында оқу оқығанмын. Қазірде балаларыммен үйде отырмын. Өзім бала тәрбиесіне қатысты түрлі әдістемелерді зерттегенді ұнатамын. Балаларым өмірге келгеннен кейін мақсатым – күн сайын әлемді тануда оларды үздіксіз шабыттандырып, дамытып отыру болды. Балаларды тәрбиелеу мен білім беруде күшке салу әдісіне қарсымын. Ал олардың жанында отырып, білмейтін нәрселері туралы ақпаратты бірге іздеп, ерінбей көңіл-көтеріп, сабақ оқып, түрлі эксперименттер жасаудан еш жалыққан емеспін», - дейді ол.

БАЛАЛАРМЕН БІРГЕ ЖОСПАР ҚҰРУ КЕРЕК

Иринаның сөзінше, уақытының көп бөлігін балаларымен өткізетін аналар олармен бірге жоспар құра білулері қажет.

«Өзім балалармен немен айналысатынымыздың жоспарын бір апта бұрын құрып қоямын. Күйеуім жұмыста, үш баламен жалғыз болғандықтан, маған нақты график қажет. Таңертең тұрғанда бәрі дайын болуы үшін кеште қажет заттарды дайындап қоямыз. Баламен жұмыс кезінде олардың пікіріне құлақ аса білген жөн.

Қашықтан оқыту барысында балаңыздың ақпаратты басқалармен салыстырғанда қалай қабылдайтынына баса мән беріңіз. Кейбір балалар – визуал, яғни, түскен ақпаратты көз мүшесі арқылы жақсы есте сақтайды. Енді біреулері – аудиал. Олар ақпаратты құлақпен сіңіреді. Ал кинестетиктер үшін түйсік пен иіс сезіну сезімі басым.

Ақпаратты игеру дискреттері үшін логикалық ойлау мен қандай да бір шартты белгілерді қолданады.  Бір балада бірнеше қабылдау қабілеттері болғанымен, оның ақпаратты қалай қабылдайтынын тапқан артық етпейді. Ал баланың ондай ерекшеліктері ерте жастан басталады», - дейді ол.

БАЛАНЫ ЕМЕС, ӨЗІҢІЗДІ ТӘРБИЕЛЕҢІЗ

Ирина ата-аналар карантинде «жүйкем тозды» деген желеумен балаға түрлі ауыр сөздер айтып, бар жауапкершілікті оның өз мойнына асып қоймай, өзі үлгі бола білуі керек дейді. Психолог мамандар да ата-аналарға карантин кезінде психологиялық жарақат салып алмау қажет екенін жиі ескертуде.

«Әрине, біз робот емеспіз және барлық жағдайды үнемі бақылауда ұстай алмаймыз. Дегенмен кейбір сәтте артық кетіп, шектен тыс бейжайлық немесе қаталдық танытып жатсаңыз, баламен міндетті түрде сөйлесіп, жағдайдың неліктен бұлай болғанын түсіндірген дұрыс. Ұрыссаңыз, не себепті ұрысқаныңызды түсіндіріңіз. Диалог өте маңызды. Өзіңізде негативті ақпараттардан шектеліп, паникаға берілмеңіз.

Мен басынан бастап балаларға осындай вирустан адамдардың ауырып қалуы мүмкін екенін түсіндірдім, осымен шектелдік. Негавтиті ақпараттар оқып, балаларды үрейлендірмей, бар нәрседен позитив көруге тырысамын. Ананың жағдайы балаларға қатты әсер етеді. Балаңызды тәрбиелегіңіз келсе, бәрін өзіңізден бастау керексіз. Қажет болса құндылықтарыңыз бен талаптарыңызды қайта қараңыз», - дейді Ирина Едрешова.

Сондай-ақ ол ата-аналарға балаларын тыныштандыру үшін гаджеттердің көмегіне жүгінбеуге кеңес берді.

«Біздің заманауи әлемімізде гаджеттерсіз өмір сүру мүмкін емес, бірақ бала өмірінде олардың шамадан тыс көп болуы балаңыздың ақпаратты қабылдауы мен шынайы өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Бала сөзсіз заманауи әлемнің технологияларын пайдалана білуі тиіс, бірақ оны қолданудың шегін де білгені жөн. Тағы бір айта кететіні, қазіргі жағдайда мектептегі ұстаздардың еңбегіне түсіністік таныту қажет», - дейді.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР МЕН МУЛЬТФИЛЬМДЕР

Едрешевтер отбасының тұңғышы Дариан – жақында ресейлік «Лучшее всех» танымал шоуына қатысқан жас вундеркинд. Сонымен Иринаның балалармен уақыт өткізуге қатысты ұсынған қызықты фильмдер тізімі мен түрлі ойындары.

 1.«Өз миыңызды сынаңыз» (Испытайте свой мозг) National Geographic 2011ж.

2.«Жәндіктер немесе миллиметрлі әлем» 

">(Насекомые или миллиметровый мир). Оңтүстік Корея, 2014 ж.

3. Жануарлардың супер қабілеттері (Суперспособности животных). BBC, 1999 ж.

4. «Стивен Хоккингомен нағыз гений» (Настоящий гений со Стивеном Хоккинго). National Geographic.

5. «Ми Девид Иглменмен» (Мозг с Девидом Иглменом). BBC.

6. Смешариктер: Пин - код. (Ресей) Ақылды сюжеттер, мейірімді кейіпкерлер, ең бастысы мектеп бағдарламасын қайталауға болады.

7. Галилео. Мультик емес, бірақ балаларға химия мен физиканы қызықты етіп түсіндіретін тамаша бағдарлама!

8. Негетайлар отбасы (Семья почемучек). (Франция). Кішкентай Виктор география, физика, химия, биология және  астрономия пәндерімен, адам ағзасының негіздерін зерттейді.

9. Жила была жизнь. (Франция) 26 сериядан тұратын мультсериал адам ағзасының ішкі әлемі тұралы айтып береді.

10.  Маззи. (Ұлыбритания). Жат планеталық Маззи балаларға ағылшын тілін үйренуге көмектеседі.

Пікірлер