«Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы»

4000
Adyrna.kz Telegram

«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу». Осылай басталатын елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы бәрімізге белгілі.

Осы мақала төңірегінде елімізде бірқатар іс-шаралар, бағдарламалар жүзеге асырылуда. Солардың ішінде атап айталық «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл жоба аясында Ұлттық аударма бюросы құрылды. Соның нәтижесінде жоба өз жемісін берді. Мәліметтерді 100kitap.kz сайтына кіріп оқи аласыз.

Тағы да бірқатар бағдарламалардың бірі «Туған жер» бағдарламасы. «Туған жер» бағдарламасы бойынша республика деңгейінде 12 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Жоба аясында 2019 жылы 825 жаңа нысан салынды және 547 нысан жаңартылды.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өлкедегі киелі орындарды анықтау, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, олардың картасын жасау көзделген. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылды.

Тағы бір бірегей жобалардың бірі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы. 2019 жылы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысу үшін жобаның 100zhanaesim.ruh.kz ресми сайтында өтінім қабылдап, олар онлайн дауыс беру арқылы іріктелді. Сонымен қоса, оларға көрнекті қоғам және мәдениет, спорт қайраткерлері, бизнес өкілдерін әділ қазылық етті.

Мақала аясында құрылған қай жобаны алып қарасақта өз жемісін, нәтижесін берген. Ұлтымыздың бірегейлігін сақтауға негізделген бұл бағдарламалар өз жалғасын табады деп сенеміз. Сөзімнің соңын Елбасымыздың сөзімен аяқтағым келіп тұр.

«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.»

Бақтыбаева Ақерке,

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және

әлем тілдері факультетінің студенті

Жетекшісі: Ф.Қозыбақова,

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ университеті тарих

және археология, этнология факультетінің

Қазақстан тарих кафедрасының профессоры.

Пікірлер