СЕРІК ӘБІКЕНҰЛЫ: Вирус жұқтырғандарды бір жерге жинауға қазақтың жері жетпеді ме, жігері жетпеді ме?

3433
Adyrna.kz Telegram

Басында Біртановтың вирусқа қарсы стратегиясы өте сәтті көрініп еді. Сөз жоқ елді дер кезінде шектеді, шара қолданды. Бірақ КВ-ны елге ұшақпен "сепкені" жөн болмады. Үндістандағыларды Таразға төгіп еді ертеңінде бірнеше науқас тіркелді, одан кейін Атырау... енді тыныш жатқан Талдықорғанға араб жерінде жүрген жүзден аса адамды түсірмек. Дәрігерлердің шамасы шамалы екенін, киім, аппарат жетпей шулап жатқанын біле тұра бұлай ету ақылға қонбайды. Ауруларды аймақтарға шашып жіберіп емдесем деген тәсілге көшкендей, тек Қытай олай етпеді. Өзбекстан да карантиндегілерді бір жерде жинап ұстаймын деп 10 мың адамға айдаладан орын сайлады. Қазақтың осылай етуіне жері жетпеді ме, жігері жетпеді ме? Қыдырымпаздарды сондай бір жерге түсіріп, ұстауға ми жетпеді ме? Экономикасы дұрыс Алматыда бір күнде 12 мед.қызметкер тіркелді, басқа өңірлерден не қайран. Қызылорда көрсетті ғой, әп-сәтте Алматыны қуып жетіп қалды. Ал қазір 170 мыңдық Талдықорған алаңдап отыр. Бір айдан бері Бас дәрігердің талаптарын бұлжытпай, пост режиміне көніп, тәртіппен өмір сүріп, айналасын қымтаған шаһарға пәле төбеден түспесіне кепілдік жоқ. Жұрт: бүйтіп өздері тарататын болса елді неменеге қылқындырып карантинде ұстап отыр, аша салмай ма, көппен бірге көрерміз. Талдықорғанға Тәңір жар болсын! - деп жатыр. Әумин! Таң атқанда коронавирус шыққан қалалар тізімінде Талдықорған тұрмасын! Жалпы қазаққа Жаратқан жар болсын!

Серік Әбікенұлы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер