Тоқаев 42 500 теңгеге қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді

3288
Adyrna.kz Telegram

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 42 500 теңгені тарату жұмысына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осы уақытқа дейін әлеуметтік төлемге өтініш берген азаматтардың саны 1,7 миллион адамға жетті. Олардың басым бөлігі электронды түрде өтінім жолдаған.

"Алайда әлеуміттік төлемді тарату механизмінің толығымен дайын болмағанын ашық айтуымыз керек. Ведомствоның шұғыл шешімдері "жол-жөнекей" қабылданды. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың түсіндіру жұмыстары да көңіл көншітерлік емес", - деді Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекетті комиссияның бүгінгі отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, түсіндіру шаралары дұрыс жүргізілмегеннен кейін әркім әрқалай қабылдады, халық арасында түсінпеушілік пайда болды.

"Адамдар өз денсаулығына қауіп төндіріп, банктерде есепшот ашамыз немесе бірыңғай жиынтық төлемді жасаймыз деп ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болды. Осыған байланысты үкімет шұғыл түрде 42 500 теңгені алудың нақты механизмін әзірлеп, барлық бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желіде шығаруы тиіс. Әрбір адам үйден шықпай, мемлекеттің көмегін алуы керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Осы орайда президент әлеуметтік төлемді тек шын мәнінде көмекке зәру және төтенше жағдайда қаржылай қиындаққа тап болған азаматтарға ғана беру керектігін жеткізді. Ал осы жағдайды пайдаланып, алаяқтық жасайтындарды көпшіліктің алдында айыптау қажет.

Пікірлер