АҚШ азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы коронавирусты инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу үшін безгекке қарсы "Гидроксихлорохин" және "Хлорохин" препараттарын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Бұл дәрі-дәрмектер дәрігерлер COVID-19 диагнозымен тіркелген жасөспірімдер мен үлкен жастағы науқастарға денсаулығынық жағдайына байланысты, клиникалық зерттеу мүмкін болмаған жағдайда ұлттық стратегиялық қордан штаттарға жіберіледі", - делінген басқарма хабарламасында.
"Коронавирустың нақты емі жоқ болса да екі препарат зертхана нәтижесі бойынша жарамды екенін көрсетті", - дейді министрлік өкілдері.
Айта кетейік, АҚШ коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бірінші орында тұр. Ел бойынша 165 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, оның 3,1 мыңы қайтыс болған.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз