Алматыға айналма жолмен алып кетуге уәде берген жүргізушілер ұсталды

2426
Adyrna.kz Telegram

 Алматы полициясы блок бекетті айналып өтуге уәде берген жеке көлік жүргізушілерін ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицейлер қаланың батыс жағында орналасқан № 20 блок бекетінде бес ер адамды ұстады, олар азаматтарға ақшасын берген жағдайда бекеттен айналып өтіп, қалаға алып кетуге уәде берген.

"Олар адам басына 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін сұраған. Ер адамдар ұсталып, Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы "Төтенше жағдайды бұзу" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен аталған адамдарға айыппұл салынды", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.

Осыған байланысты, Алматы полиция департаменті тағы бір рет азаматтарды заңға бағынуға және кедергілерден өтудің заңсыз жолдарын іздемеуге шақырды.

"Бұл әрекеттер пайдасыз және нәтиже бермейді. Төтенше жағдай кезінде оңай ақша тапқысы келетіндерге жауапкершілікті ұмытпау қажеттігін ескертемін. Мұндай фактілер бірден тоқтатылады", – деді Аханов.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 57 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 23, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1 адам.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. 22 наурыздан бастап бұл қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынды.

Sputnik.

Пікірлер