Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің жалақысы 2-3 есе өседі

3991
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлердің жалақысын екі-үш есеге көтереді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Ол төтенше жағдайға байланысты ақ халаттылардың жұмыс кестесі өзгергенін атап өтті. Қазір дәрігерлер төрт ауысыммен жұмыс істейді.

"Министрлік тарапынан толыққанды қолдау бар. Министрдің бұйрығы бар, алғы шепте жүрген дәрігерлерге екі-үш айда жалақысын 2-3 есе көтеру қарастырылып отыр," - деді Ахметшәріп ұлттық арнадағы "Ашық алаң" бағдарламасында.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 27 адам коронавирус жұқтырды. Оның 13-і Алматыда, қалған 14-і Нұр-Сұлтан қаласында.

Айта кетсек, індетке шалдыққандар арасында екі жасар сәби де бар.

1536 адам стационарлық карантинде, ал 1094 адам үй карантиніне алынған.

Коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде 16 наурыз таңғы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуір таңғы 07.00-ге дейін күшінде болады.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер