Көшеде жүрген баланың ата-анасына айыппұл салына ма?

1598

Әлеуметтік желілер мен түрлі топтарда осы күндері далада немесе басқа да көпшілік жиналатын орындарда жүрген балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылатыны туралы хабарлама таратылып жатыр. Қалалық білім басқармасы бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қауіпсіздік шараларына байланысты ертеңнен бастап мектептерде түрлі шаралар өткізіледі. Егер осы уақыт аралығында оқушы қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу үшін мектепке келсе білім ордасының басшылығы жауапкершілікке тартылады. Егер балалар дүкенде, автобустарда немесе далада жүрсе оның ата-анасына айыппұл салынады! Бұл хабарламаны ата-аналар чатына жедел түрде таратыңыздар», делінген ақпарат тарап жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бұл хабар шындыққа жанаспайтынын және қажетті ақпараттар мемлекеттік органның ресми парақшаларында жарияланатынын айтты.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар