Қазақстанда тұратын барлық ұлт біртұтас ұлт болып саналады

2902
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Informburo-ға берген сұхбатында мәлімдеді.

Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай қақтығысқа қатысты түсініктеме берді. "Ертең, 1 наурыз, мен жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барамын. Қордай ауданындағы қазақтар мен дүнгендер тұратын ауыл тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын. Біз ұлтаралық, этносаралық қатынастар мәселелеріне деген көзқарасымызды тереңдеп ойлауымыз керек", - деп мәлімдеді Президент.

Оның айтуынша, Қазақстан достық пен келісімнің аумағы болды және болады. "Біздің ұран: Бірлік. Мұнда тұратын барлық ұлттар, этникалық топтар біртұтас ұлт болып табылады. Шетелде бізді "қазақтар" деп біледі, өйткені біздің мемлекеттің атауында осы сөз естіледі.

«Әрине, Қазақстанда тұрақты тұратын әрбір этностың өзіндік ерекшелігіне қастандық жасау туралы сөз бола алмайды. Олардың барлығы өз тілдерін оқып-үйренуге және қолдануға, мәдениеттерді дамытуға, әдет-ғұрыптарды сақтауға құқылы.

Сонымен қатар, болашақта ұлтаралық қарым-қатынас тілі болуға бағытталған қазақ тілін жедел дамыту қажет", - деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысы "әлемдік ғылым мен мәдениеттегі білімге жол ашқан орыс тілінің тарихи маңызын" жоққа шығармайды. "Қазақстан тұрғындары оны жоғары деңгейде білуі тиіс. Бұл бізге тек пайда", - деді ол.

Пікірлер