Біздің көпбалалы аналарымыз балаларын шұбыртып Ақорданың қасында қолын жайып өкіметтен жағдай сұрап жүр.
Оны көрген қыздарымыз.- келешек аналар, көп бала тууға жүректері әбден шайлығып санасына бірдеңе түйіп отыр.
Егер кейін саясат өзгермесе, бізде енді демографиялық өсім болмайды, ары кетсе екі бала. Ал екі бала дегеніміз сіз бен жұбайыңыздың орыны ғана, өсім жоқ.
Ал енді біздің еліміздегі ұсақ халықтардың өсімі сұмдық. Өзбек, шешен - иңғұштар, ұйғырлар керемет туады екен. Мен статистиканы қарап отырамын, олар жақсы көбейіп отыр.
Мысалы осы дұңғандардың саны соңғы отыз жылда 30 мыңнан 60 мыңға жетіпті.
Енді бір отыз жылда бұлардың саны 120 мыңға жетсе не болады екен. Меніңше, ол кезде біздің полиция ол районға кіре алмай қалуы мүмкін. Ал қазір саны 250 - 300 мың боп қалған халықтар ол кезде саны миллионнан асып ауызын айға білеп қалады.
Бізде жаңа ұлттық анклавтар өсіп келеді. Олар бір жерге шоғырланып өз ұлттық мектептерімен өз кеңістігінде жетіліп жатыр. Біздің билік қазіргі орашолақ саясатымен іс жүзінде келешек дап - дайын автономиялар дайындап жатыр. Оны біздің ұрпақ көрмеуі мүмкін, бірақ балаларымыздың алдынан бұл проблема міндетті түрде шығады. Олар сол кезде бізді боқтайтын болады.
Дұңған мысалынан көргендей бұл халықтарда жергілікті халықпен араласу яғни, интеграциялану деген нәрсе атымен жоқ екен, сөйлесе шала орысша ғана сөйлейді. Өз аурасында қамалып, оқшауланып отырғаны, Қазақстан бұлар үшін тек нан табатын жер. Бұлардан сосын патриотизм, елге қызмет, жерге құрмет талап ету өте қиын...
Бұларды күштеп тұтас көшіріп жібере алмаймыз, 21 ғасырда ол мүмкін емес нәрсе. Бірақ біз бұл халықтардан бастапқыда бізбен араласуды талап етіп, кейін оларды ассимиляцияға жығуға құқылымыз. Ол бүкіл жерде солай.
Меніңше, бізге осындай мақсатпен келешекте осы ұлттық анклавтар тығыз отырған жерлерге жаңа қалалар салу керек.
Мысалы, Алматы облысының Шонжы ауылының орнына 200 мың халық тұратын қала салу қажет, оны облыс орталығы қылсақ та болады. Ол қалаға сосын қазақ жастарын, оралмандарды, депрессивтік жабылған ауылдардың тұрғындарын көптеп тарту керек. Біз бұрын санымыз 55.- 60 пайыз болғанда да солтүстікке адам тарттық, ал келешекте 80 пайыз болмақпыз, бұл мақсатқа қазақтар жетеді, табылады.
Бір айтарым, біз бұл қалаларды салмасақ, оны кейін аналар салады, ол кезде бірақ тым кеш болады.
Енді мына Тараздағы дұңған ауылдарының қақ ортасына, Талас өзенінің бойына бір қала сұранып тұр.
Неге қала салу керек дейсіз ғой?
Біздегі ұсақ ұлттар - аграрлық, ауыл халқы боп келеді. Бұлар ауылдық жерлерде отырып көбейіп алып, кейін саны жеткенде ылаң шығаруы мүмкін. Ауыл олардың мәдениеті, тілі, түрі үшін үлкен қорған. Ал қала - халықтарды ассимиляциялау мекені. Бізге олардың қалаланғаны керек.
Ресей үкіметі үшін Абакан қаласының қандай экономикалық маңызы бар? Ешқандай. Бұл қалалар Ресей империясы үшін - орыс шақырған қалалар болатын, қазір Абаканда 90 пайыз орыс, 10 пайыз қара орыс - хакастар тұрады. Уфа да, Иркутск қаласы да сол, бұл қалаларда орыс башқұрт пен буряттан да көп, жалпы орыс қалаларының бәрі сондай. Бұл қалалар бұрын стратегиялық орыс шақырғыш бекініс боп құрылған еді, қазір орыс қалаларына айналды. Орыс сібір халықтарын өз қалаларында жеңді.
Қытай қазір Үрімжіні үлкейтіп үлкен қала салды, олар жалпы Шыңжаңға қалалар салып ол қалаларға қытайын төгіп көміп жатыр. Қазір Үрімжідегі ұйғыр саны қытайдан екі есе аз екен, кейін меже үш есе, төрт есе болғанда ұйғыр біржола жеңіледі, тыпыр ете алмай қалады.
Бізде де осы схема жұмыс істеуі тиіс. Келешек қауіп көретін жерден, өзбек, дұңған, ұйғыр, кәріс сынды халықтар тығыз отырған жерлердің қақ ортасына, тұрғындарының саны 70 пайыз қазақ болатын жаңа, заманауи жақсы қалалар салынуы керек.
Сосын еліміздегі ұсақ халықтардан біз интеграция талап ету үшін оларды алдымен сол салынбақ қалаларға шақырып, оларды бір мәдени ортаға ыңғайлап, етене араласып, қазақтар олардың көздеріне кәдімгідей жақсы маман, сот, кәсіпкер, өкімет болып көрінуі керек. Бұл ортада қазақ болу престиж болу керек, сол кезде ғана процесс басталады. Қысқасы, бұл халықтар бізбен бірге қалалануы керек.
Әйтпесе қыстақтарынан шықпайтын бұл аграрлық халықтар үшін жанындағы қазақтар қазір тек бес - алты қойдың соңында жүрген бейшара көрші боп көрінеді. Сосын ондай бейшараны олар қайдан сыйласын, одан "бізді сыйламайды" деп біз ренжиміз.
Қысқасы, бұл ұлттық анклавтармен біз қазірден айналысып, уже оларға қатысты жаңа жасырын саясат жүргізе бастауымыз керек, міндетті түрде. Оларды бір аймақта шоғырландырып өз еркіне қалдыру дегеніміз - қазірден мемлекеттің денесіне ірің - жара өсіру деген сөз. Осыны қазірден ойласайық, айналысайық, айтпады демеңіздер, кейін бәрі кеш болады, опық жеп қаламыз.