Биыл тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін Қазақстандағы негізгі шаралар Мәңгі Елдің - «бір тіл, бір дін, бір мораль, бір ел» ұстанымдары негізінде Ұлттық мемлекетті дамытатын саналы ұрпақ тәрбиелеу, қоғамдағы бірлікті нығайтып, төрт құбыласы тең өркениетті ел құру жолындағы атқарылатын істер болмақ.
Осы бағытта Президенттің жолдауларында міндеттелген жұмыстардың біразы атқарылып жатқанымен, олардың бір бөлігі тәуелсіз ұлттық мемлекеттің идеологиясынан гөрі «көпұлттылық», «көптілділік» т.б. сияқты қоғамды біріктіруден аулақ тірлікке айналуда. Біз оны, саны үш мыңнан асқан діни секталар, бесіктен белі шықпаған сәбилердің тілін «үш тұғырлы тілмен» + (n) ашу т.б. көреміз. Осындай, Конституция мен педагогикаға қайшы әрекеттер, Мәңгі Ел ұстанымдарымен де ұштаспай жатады.
Елдегі қарекеттің берекетті болмауынан қазақ тіліндегі БАҚ, ақпарат, шығатын басылымдар (әдебиет, өнер, ғылым, мәдениет...) үлесінің 25%-ға, ал kz-тің ғаламтордағы үлесінің 10%-ға жете алмай келеді.
Осы 550 жылдыққа арналған ресми шараларға Ресей, Қытай, Өзбекстан басшыларының қатысып, құттықтамауы – ол Қазақстан тәуелсіздігін мойындамағаны деп түсіну керек! Бұл мемлекеттік шараның ҚСРО-ның алғашқы астанасы Орынборда және шеттегі бес миллионнан астам қазақтардың арасында кеңінен атап өтілмеуі де ұлттық, мемлекеттік идеология мен мүддені қорғауға келгенде табандылық таныта алмағанымыздың көрінісі?!
Біздегі мәдениеттің «Сабина келін» деңгейінде қалуы осы салаларды түпкілікті өзгертуді талап етеді және оны қолға алып жатқан «НұрОтан» партиясының ісі құптарлық.
«Наурыз» мейрамын мәдениетті жан-жақты дамытуға пайдаланып және Елбасының, «дағдарыстар - ол жаңа мүмкіндіктердің уақыты» дегенді ескеріп алдағы Наурыздан бастап:
- біздің дәуірге дейін Египеттен Қытайға дейін тараған «Мүшел» мәңгі күнтізбесі, Тәңір-Ұмай дүниетанымы негізінде қалыптасқан Наурыздың космогониясы, философиясы және дәстүрлік ерекшеліктері мен Шығыс өнері, ғылымы, мәдениеті т.б. дамытудағы рөлін жан-жақты зерттеп, уағыздау арқылы қоғамды жаңа рухани тазарып жаңғырту;
- ұлттық дәстүрдің негізінде ұрпақ тәрбиесі мен білімін жетілдіруде Наурыздың мол тәжірибесін пайдалану;
- елдегі барлық ұлт өкілдерін біріктіріп, ұлтаралық және дінаралық сенімді арттыратын ұлттық мемлекеттің жүйелі идеологиясын жетілдіру;
- Наурызда қалыптасқан дәстүр бойынша әр үй, көше, аудан... Ел бойынша тазалық шараларын жүргізіп, арықтарды ашып ағаштар отырғызу, жасылдандыру, үй және жабайы жануарларды қорғау, қалаларды экологиялық таза аймаққа айналдыру т.б. шараларды іске асыру;
- көп жерлерде Наурыз мейрамы мәдени-дәстүрлік шарадан гөрі, эстетикалық талғамы төмен «от басы, ошақ қасына», ал киіз үйдің асханаға... айналғаны жасырын емес;
- өткен жылғы «Оңтүстік өңірде өткен Наурызды барлық облыстарға үлгі етіп алу қажеттігі» туралы Президенттің ұсынысын іске асыру қажет деп санаймыз;
- соңғы жылдары Қазақстан мәдениеті мен ғылымы жетістіктерін БҰҰ, ЮНЕСКО, Францияда уағыздаған Институт пен Ұйымдастыру алқасының жанынан құрылған Творчестволық топ (тізімі қосымша) Наурыз бен мәдени шаралар жобасын іске асыруға атсалысатынын хабарлаймыз;
- ол жоба іске асу үшін әр облыс (Алматы, Астана), ұлттық компаниялар мен ТОП-100 кіретін компаниялар әрқайсысы жылына 10-20 түрлі рухани-әлеуметтік-ғылыми кітаптарды (аударма да кіреді) және бір мультфильм не документальды фильмді шығаруды қаржыландыруы қажет;
- Творчестволық топ:
а. Наурыздың телеарналық, бала-бақша мен мектеп т.б. сценарийлерін дайындап, оларды атқарушы органдармен бірге уақытылы өткізу;
ә. Жоспарланған кітап, жорнал, диск, фильмдер шығарып, оларды ТВ, ғаламтор т.б. арқылы таратуды қамтамасыз ету;
б. 2016 жылы РФ, ҚХР және Өзбекстанда ғылыми-конференциялар, концерт, айтыс т.б. шаралар өткізу;
Ас ішіп, аяқ босатар мереке емес, рухани жаңғыруға бастайтын жыл басы ретінде келесі келетін наурыз мейрамына шейін осы аталған шаралар іске асуы және жалғасын табуы керек.
Халықаралық Адам институты