Италияда коронавирусты жұқтырғандар саны 79 адамға жетті. Соңғы екі күнде науқастар саны күрт өскен. Қауіпті індет Италияның бес өңірінде анықталған.
Елдің солтүстігіндегі Ломбардия қаласында 54 адам ауру жұқтырған. Бұл туралы РИА Новости сайтында хабарланды. Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Борелли министрлер кеңесінің шұғыл отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде:Тағы 17 жағдай Ломбардиямен шекаралас Венето облысында, екі жағдай - Эмилии-Романьеде, тағы екеуі Рим маңайындағы Лациода (мұнда қытайлық туристер) және тағы біреуі Пьемонтте, - деді.Оның айтуынша, 51 адам ауруханаға түсіп, 18-і интенсивті терапия бөлімінде жатыр, тағы 11 адам - өз үйінде оқшауланған, олардан коронавирустың жаңа түрінің
Новости по теме
21 ақпанда, жұмада Италияның Падуя қаласында COVID-19 вирусынан бір адам қайтыс болды. Жергілікті ауруханада 78 жастағы ер адам қайтыс болған, оның тыныс алуы тарылған. Ол ақпанның басында Қытайдан келген досымен тамақ ішкені анықталды.