Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды

3364
Adyrna.kz Telegram

Бүгін президент жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды деп хабарлады Ақорда.

Кәлетаев бұған қоса, Қазақстанның Иордания, Ирак және Палестинадағы елшісі болып тағайындалған.

Бұған дейін Қазақстанның Украина мен Молдовадағы елшісі болған Самат Ордабаев қызметінен босаған.

Кәлетаев 2019 жылы наурыз бен желтоқсан айларында президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған. Қалетаев бұл қызметке наурыз айында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаев келгеннен кейін тағайындалған еді. Ол 2018 жылдың шілде айы мен 2019 жылдың ақпан айы аралығында қоғамдық даму министрі болған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған ол әр жылдары президент әкімшілігінде, «Нұр Отан» партиясында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет еткен. 2016 жылдың қазан айында парламент сенатының депутаты болған.

"Азаттық" радиосы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер