Павлодар Алтын Орданы тойлауда

2014

Алтын орданың 750 жылдығына арналған Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының 

 «Алтын Орда» атты концерті дүркіреп өтті. 

Ертіс - Баян өлкесінің өнерсүйер қауымына ерекше көңіл күй сыйлаған кеш, Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғаларға, соның ішінде, Қазақ мемлекеттілігінің бастауы саналатын Алтын Орданың 750 жылдығына арналған.  Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының мерекелік  концертінің шымылдығын  Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі (бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Кәрімов) ашты. Тамаша шығарманы бимен сүйемелдеген «Шернияз»би ансамблі ( Көркемдік жетекшісі – Нұрлан Беков).

Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Біздің өлкеде де кіндік қаны тамған танымал ұлы дала таланттары, қазақ музыка өнерінің шоқ жұлдыздары, аса дарынды ақын, әнші композитор, жерлестеріміз, Естай,  Жаяу Мұса, Иса,  Майра есімі елімізге кеңінен танымал, дүлдүл ақындар мен өнер тарландары дүниеге келген. Солардың ізін жалғаған дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының  Еңбек Сіңірген қайраткері Ербол Айтбаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Әсел Ботаева, Жанболат Байсолтан,  Сәуле Мүсіповалар кештің шырайын кіргізді.

Серік  Рысбек, Руслан Жұмабаев, Жібек Айтбаева, Әминә Рахымжанова сынды өнерпаздар қатысқан концерт жоғары деңгейде өтті. Биыл 750 жылдығы тойланып жатқан  Алтын Орданың мерейтойын жұрттың алды болып Кереку өңірі тойлай бастады.

Сәуле Мұқаева,

Павлодар қаласы

Пікірлер
Редакция таңдауы