Коронавирус: Зайсан дүрлігуде (видео)

10254
Adyrna.kz Telegram

 

Фейсбук әлеуметтік желісінде Бекбей Бек есімді азамат бүгін Зайсанда коронавируске байланысты жүрттың дүрлігіп кеткені туралы жазып ақпарат қалдырған. Ол өз жазбасында былай дейді:

Зайсан ауданының Сарытерек ауылының тұрғындары бүгін 19.02.2020 сағат 15:00 наразылықпен ауылдың амбулаториясының алдына жиналды. Бүкіл бір ауылдың тұрғындары наразылықа жиналды. Ауылдың тұрғындарын еш ескертусіз аудандық аурухананың бас дәрігері мен оның орынбасарлары "мынау бұйрық" деп бір жапырақ қағазбен ертең таңертең Қазақстан мен Қытай мемлекетінің Майқапшағай шекара бекетінен автобуспен Қытайдан бері келген жолаушыларды Қытайдағы аты шулы корановирусқа байланысты Қытайдан келген адамдарды 14 күнге Зайсандағы Сарытерек ауылдық амбулаториясына жатқызып бақылау жасамақ екен. Ал ауылдық амбулаториясын ауылдық мәдениет үйіне көшірмек . Амбулаторияға шекарадан кірген жолаушыларды жатқызбақ.

Ауылдың амбулаториясына төсектерді кіргізіп тастапты, ауыл халықты аудан билігі, жауапты мекемелер құлақтандыру жұмысын жүргізбегеніне, ауыл халқы шулап, ауыл ақсақалдары "бізді адам санап отырған жоқсыңдар" деп  аудан әкімдігі аудан әкімі С.Ақтановтың  келуін талап етті.

Екі сағат күткен халыққа аудан билігінен бірде- бір шенеунік келмеді.  Қытайда әлем назарын тігіп, өзге мемлекеттер шекара бекетін жауып жатса мынау қандай әрекет?!

Мұндай жағдай да сақтық керек болса, неге ауыл ішіне әкеліп отыр?! Халық осыған наразы. Бұдан бөлек Зайсан ауданында Айнабұлақ ауылында ауылдың амбулаториясына шекарадан өткен жолаушыларды апарады екен. Оны ауданның бас дәрігері айтты. Міне, қазір сағат түнгі 21:00 Сарытерек ауылының тұрғындары ауылдың амбулаториясының алдында жүр әлі аудан әкімдігінен тірі пәнде келген жоқ. Халық "бұл келетін жолаушылар қауіпті болмаса, бар жағдайы жасалған аудандық аурухананың жанында жұқпалы ауру бөліміне (инфекционный) жатқызбай ма, ол жерден арнайы мамандар, қажетті жабдықтарымен қамтылған" деген тұрғындардың сұрақтары қарша борады. Ауыл тұрғындары әлі басылар емес.

Қараталға  бірінші қоямыз деген олардағы 20 төсекті бізге тустен кейін әкеліп отыр.  Себебі кеше ягни 18 ақпан күні сағат кешкі бесте  облыстык СЭС- тің орынбасары Ли деген корей келіп Қараталдың  амбулаториясында су жоқ, дәретхана жоқ  содан ол төсектерді кешкі 16:00-де бізге әкелді.

Қолдағы ақпаратпен бөлісейін!

Зайсан ауданы,  Айнабұлақ ауылында"қытайдан келгендерді ауыл-ауылдағы медпунктерге орналастырады!" - дегенді естіген ауыл тұрғындары аудан басшылығының мұндай шешіміне қарсы.
дүрліккен жұрт: "кеш қалмайық, түнімен әкеп кіргізіп жібермесін! бізге ескертусіз, халықпен неге санаспайды!" - деп өз наразылығын білдіруде.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер