Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 31 авиарейс кешіктірілді

3561
Adyrna.kz Telegram

Нұрсұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Назарбаев халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта 31 авиарейс кешіктірілді.

Әуе кемесінің басқа қалалардан кеш келуі және баратын әуежайдағы нашар метеожағдайлар себебінен ұшып келуі тиіс 16 рейс кешігуде:

- Air Astana авиакомпаниясының 8 рейсі (оның ішінде Ташкент, Санкт-Петербург және Шарм-эль-Шейх қалаларынан халықаралық рейстері);
- SCAT авиакомпаниясының Өскемен және Шымкент қалаларынан 2 рейсі;
- Qazaq Air авиакомпаниясының Петропавл және Қостанай қалаларынан 2 рейсі;
- Fly Arystan авиакомпаниясының Шымкент, Алматы және Қостанай қалаларынан 3 рейсі;
- Etihad Airways авиакомпаниясының Әбу-Дәби қаласынан 1 рейсі.

Әуе кемесінің басқа қалалардан кеш келуі және ұшып шығатын әуежайдағы ауа райының нашарлауы себебінен ұшып шығуы тиіс 15 рейс кешігуде:

- Air Astana авиакомпаниясының 7 рейсі;
- Qazaq Air авиакомпаниясының Ақтобе және Қостанай қалаларына 2 рейсі;
-Fly Arystan авиакомпаниясының Шымкент, Алматы және Қостанай қалаларына 3 рейсі;
-Turkish Airlines авиакомпаниясының Ыстамбұлға,​ Etihad Airways авиакомпаниясының Әбу-Дәбиге және FlyDubai авиакомпаниясының Дубай қаласына ұшатын рейстер кешіктірілді.

Қатты желге (секундына 15 м және одан жоғары) байланысты, ұшу қауіпсіздігі мақсатында әуе кемелерін мұзуға қарсы сұйықпен өңдеуге жол берілмейді.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді.​

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел аумағындағы 46 автожолға шектеу қойылған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер