Бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторын қолдауға ұлттық қордан қанша ақша бөлінгенін айтты.
Агенттік 2008-2016 жылдар аралығында бөлінген 2007-2008 жылдардағы жаһандық дағдарыстың теріс салдарын азайтуға бағытталғанын еске салып өтті.
«Мемлекеттің төрт банктің акцияларын сатып алуына 476,1 млрд теңге бөлінді, оның 415 млрд теңгесі қайтарылды. Берілген қаражат пен қайтарылған сома арасындағы айырмашылық БТА банкінің активтері мен міндеттемелерін екі қайта құрылымдау нәтижесінде пайда болды» деп түсіндірд ҚНРДА.
2017 жылдан бастап Қазкомды қалпына келтіру шеңберінде проблемалық кредиттер қоры (ҚКБ) БТА Банкінің проблемалық активтерін сатып алды. Алынған қаражат есебінен бұл қаржы институты (БТА) Казком алдындағы 2,4 трлн теңге қарызының өтеуін жүргізді. ҚНРДА-да ҚКБ-ны сауықтыру және оны кейіннен халықтық қорға қосу салымшылар мен өзге де кредиторлардың ақшасын 4 трлн теңгеден астам сомаға сақтауға мүмкіндік бергенін айтты.
Сонымен қатар, 2017 жылы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына сәйкес бес ірі қаржы институтына көмек көрсетілді. Олардың үлесіне бүкіл жүйенің несие қоржынының 30%- дан астамы және халықтың және квазимемлекеттік сектордың барлық депозиттерінің 25%- ы келді.
«Жалпы қолдау көлемі 653,7 млрд теңгені құрады. Қаржы проблемалық қарыздардың жоғары үлесі қаржы институттардың капиталына қысым көрсетіп, экономиканы несиелеу қарқынын тежеуіне байланысты бөлінді. Мемлекеттік көмек алған банктер барлық қаражатты келесі 13 жыл ішінде қайтарады. Нәтижесінде мемлекет берілген 653,7 млрд теңгенің орнына 1 трлн теңгеден астам жалақы алады.
Айта кету керек, аталған қаржы институттары 2 трлн теңгеден астам несие берген, - деп хабарлады ҚНРДА.
Ұлттық қор осыдан 19 жыл бұрын, 2001 жылы құрылды. Сарапшылар оның өсім берген кезі 2000- 2014 жылдар арасында болғанын айтады.
Сол жылдары Ұлттық қордың 77,2 млрд долларға жетті. Бұдан кейінгі жылдарда Ұлттық қордың қаржысы азая берді. Себебі Үкімет қаржылық жағдайын жақсарту үшін екінші деңгейлі «дімкәс банктерге үсті-үстіне Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлді. Қазір Ұлттық қорда 58,2 млрд доллар .
Ал әу бастағы жоспарда 2020 жылы Ұлттық қордың қаржысы 90 млрд долларды құрауы тиіс еді. Бірақ ондай күн бізге әлі алыстау сияқты.
2020 жылы қаңтар айының соңында Ұлттық қордың активі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға кеміді деген ақпаратты Ұлттық банктің өзі таратты.
Өткен айда Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 2,4%-ға азайып, 30,6 млрд долларды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 31,3 млрд долларға тең еді.
Естеріңізге сала кетейік, мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев қазақстандық банктер оларды қолдауға бөлінген қаражаттан пайда көреді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұлттық қор мен бюджеттен миллиардтаған соманы бағыттаудың мақсаты қаржы секторын сауықтыру және қаражатты экономикаға бағыттау, ал қаржы институттардың өзін байытпауы тиіс.
Ол сондай-ақ, мемлекет тарапынан алынған қомақты қаражатқа қарамастан, экономиканы несиелендірудің жағдайы мен шарттары қанағаттанғысыз қалып отырғанын атап өтті. Мұндай пікірді қазақстандық қаржыгер Ораз Жандосов та қолдайды. «Банктерді сауықтыруға Ұлттық қордан қанша қаржы бөлінгені туралы мәліметтердің басы ашық. Бірақ оның қайтару үрдісі де ашық болуы керек. Үкіметтің қолында банктердің қарызды қашан қайтаратыны туралы арнайы график болуы керек» дейді қаржыгер.
Бұған президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерге бизнеске қолайлы шарттармен және ұзақ мерзімге несие беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Ол сондай-ақ Ұлттық Банкке осы мәселе бойынша саясатқа түзетулер енгізу туралы тапсырма берді.
Рауан ІЛИЯСОВ,
"Адырна" ұлттық порталы