Кеше Қордайдағы қақтығысқа байланысты Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жаппай төбелес кезінде қаза болғандардың аты-жөнін жариялады.
- Исыров Баху, 1988 жылы туған
- Чонтей Абдула, 1986 жылы туған
- Харсанов Рам
- Ясыров Малик, Сортөбе ауылындағы №17 орта мектептің қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімі
- Шисыр Рахим
- Хишанло Сулейман
- Лохаш Лугмар (Бұлан Батыр ауылы)
- Киров Исхар (Бұлан Батыр ауылы)
"Жерлеуді ұйымдастыруға көмектесу бойынша өтініштер түсіп жатыр", - деп хабарлаған болатын Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы.
Оқиға орнында жүрген біздің тілшіміз Оңғар Қабденнің айтуынша, қайтыс болғандар тек қана дүңгендер емес, арасында қазақтар да бар.
«Қайтыс болғандарды жариялаған тізімде қазақ баларының аты-жөні жоқ. Ал расында қайтыс болған қазақтар бар. Қордай ауданы, Талапты ауылының тұрғыны Дархан Әбдірахым сол қақтығыста қайтыс болған. Дарханның әке-шешесі қазір «қайтыс болды» деген куәлігін де ала алмай отыр. 2000 жылы туған Масанов Мұрат деген жігітті әке-шешелері, туған-туыстары мүлде таппай жатыр. 7 ақпан күні кешкісін үйден шыққан осы жігіт із-түзсіз жоғалған»,-дейді тілшіміз.
Жергілікті тұрғындар қазірде осы жайтқа наразы. Көпшілік қауым қазірде тиісті органдар қайтыс болған қазақ балаларының нақты тізімі ашып айтылуы керектігін баса айтып отыр.
"Адырна" ұлттық порталы