ҰҚК: Салафизмге тыйым салынбайды

3313
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков салафизмге тыйым салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Салафизмге тыйым салу мәселесіне келер болсақ, біз бұған дейін оны жан-жақты зерделедік. Қоғам арасында пікірталастар да болып жатады. Дегенмен, әзірше оған тыйым салу жағы қарастырылып отырған жоқ", - деді Білісбеков журналистерге берген сұхбатында.

Комитет төрағасының орынбасары салафизмге тыйым салу мәселесін түсіндірді.

"Салафизм террористік ұйым емес, бұл – ой-идеология. Мәселен, "Хизбут-Тахрир" немесе "Таблии Жамағат" – бұл ұйымдар, олардың орталығы мен құрылымдары бар. Ұйымдастыру жұмыстары да жүргізіледі. Ал салафизм – бұл дінге деген көзқарас, діни ағым", - деп атап көрсетті Білісбеков.

Оның айтуынша, бүгінде қақтығыс аймақтарына баратын қазақстандықтардың ішінде салафизмге бет бұрғандар да, дәстүрлі дінді ұстайтындар да бар.

"Осы уақытқа дейін қақтығыс аймақтарынан қайтарылған 41 Қазақстан азаматы қылмыстық жазаға тартылды. Ешкім азаматтықтан айырылған жоқ", - дейді Білісбеков.

 

Пікірлер