Қауіпті ауа

411

"Аман болса табиғат,
                                                  аман болар адамзат"

        Ауа - ағзасының ең маңызды бөлігі. Ал,біз демалып жүрген ауа -қандай ауа? Өзімнің туған қалам, Алматының еліміздегі  ең лас қалалардың қатарына жататыны менің осы мақаланы жазуыма түрткі болды. Қазіргі таңда бір ғана Алматы қаласының өзінде 600 мыңға жуық көлік тіркелген екен. Ал қалаға кіріп - шығатын көлік қаншама? Елестетіп көріңіз,  әрбір көліктен бөлінген қышқылдар біздің ағзамызға еніп, түрлі аурулар туғызады. Адамның өмір жасының қысқаруына  дәл осы лас ауа тікелей себеп болады. Бұл ретте, көлік жүргізушілерге ой тастағым келеді, сол ауаны сіз өзіңіз жұтып, сол ауамен өзіңіз тыныстап жүрсіз. Меніңше, қаладаға ескі, жарамсыз көліктерді жүргізбеген жөн. Бұл мәселе тек көліктерге келіп тіреліп тұрған жоқ. Проблеманың келесі бір  себебі антропологиялық факторлар екенін де ескеруміз керек . Яғни, ауаның ластануы адам баласының іс-әрекетіне тікелей байланысты.
    Алматы қаласында екі миллионға жуық тұрғын бар. Таза ауаны ластайтын да,  адам,сақтайтын да адам. Ендеше, бізге қайсысы қажет. Осы орайда, сауалнамаға көз жүгіртейік. Алматы қаласының ауа тазалығының төменгі деңгейде екеніне 25%-ы ,орташа деңгейде 65%-ы ,жоғарғы деңгейде дегенге 10% дауыс берді. Дауыс берушілердің 75%-ы  ауа тазалығына көңіл бөлмейді екен. 45% адамның тұратын аймағында ауа тазалығына мән беру қажет деп есептейді . Сауалнамаға қатысушылардың 30% -ы жиі тауға шығып, таза ауада демалуды әдетке айналдырған ,сонымен қатар дауыс берушілердің 85%-ы таза ауамен тыныстау қажет деп санайды. Ауаның адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы ақпарат 75% адамға мәлім екен. Сондай - ақ адамдар күніне 3-4 рет терең тыныс алатындарын айтты. Мұнымен шектелмейміз, 25% адам өмірінде бір рет болсын ағаш отырғызыпты,ал ер адамға ағаш егудің өмірлік парыз екенін 95% адам жақсы біледі екен . Қазіргі уақытта таза ауа проблемасының басты бір  шешімі ағаш отырғызу болып тур. Бұл бастама "Жасыл қала" деген атауға ие болып, өмірімізге енді . Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, "Әрбір алматылық бір түп ағаштан ексе,  "Жасыл қала " статусын қайтадан қайтара аламыз".Алматыдағы егілен ағаштың саны екі миллион екі жүз мың , бірақ, соның ішіндегі жайқалып өсіп тұрғаны бір миллион екі жүз мың ғана. Ауаның тазалығын сақтау,  тікелей  тұрғындардың қолында. Қала тұрғындары қоқыс тастағанда оның тигізетін зиянының себеп-салдарын ойлай бермейді. Шындығында, дұрыс өңделмеген қоқыс, әр жерге тасталған қалдықтар, дәл осы адамның қолынан істелген факторлар ауа құрамын өзгертеді. Егер де әрбір адам, өзінің қоқысын көрінген жерге тастамай, артын тазалап жүрсе сапалы ауаны сақтауға өз үлестерін қосар еді. Алматы қаласында қоқыстарды өңдейтін орындар саусақпен санарлық. Біз өзіміз сол қалдықтарды саралап өз жәшіктеріне салатын болсақ, ауаға ешқандай зиян тигізбес едік. 

      Тіпті,  ұлы Абай "Адам-табиғат перзенті" демеп пе еді. Табиғаттың жауы да - адам, досы да - адам. Табиғатқа қандай әрекет істесең, ол бізге соны қайтарады. Ендеше, дұрыс таңдау жасайық, дос боламыз ба, әлде қас боламыз ба?

Рысбай Ернұр

 Алматы қаласы, Алатау ауданы №169
мектеп-лицейінің,
10 сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
Ж. Әбдіжадықызы

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы