АҚШ-тың басты мақсаты және «Бір белдеу - бір жол» жоспары

4685
Adyrna.kz Telegram

1) АҚШ-ның басты мақсаты Қытайдың «Бір белдеу - бір жол» жоспарын талқандау, болдырмай тастау. Соңғы 2 жылда осы мақсатта барлық күшін аямай жатыр.
2) «Бір белдеу - бір жол» (One belt One road) жоспарын алғаш рет Қытай төрағасы Ши Жинпин 2013 жылы Астанаға келгенде Назарабаев университетінде мәлімдеді. Бұл Орта Азияда Қазақстанға берген мәні. Бұл қара және темір жолдармен жүретін жол. Екінші теңізбен жүретін жолын да сол 2013 жылы Индонезияға жасаған сапарында айтты. Қытай теңіз арқылы Еуропаға 1 контейнер жүкті 40 күнде 5 мың доллар шығынмен апарады. Ал Қазақстан Ресей темір жолдары арқылы 11 күнде 6 мың доллармен апара алады. Және жүкті кері қарай сол мерзімде жеткізе алады.
3) Қытай теңіз жолдары арқылы өзіне керекті мұнайдың 75 пайызын Африка мен Таяу Шығыс елдерінен тасып жатыр. Қалғанын Ресей мен Қазақстан арқылы темір жол немесе трубалар арқылы алып жатыр.
4) Дәл қазір НАТО теңіз күштерінің 65 пайызы Қытай теңіз жағалауында жүр. АҚШ кез келген уақытта Қытайға келетін энергия көздерін жауып тастай алады. Сол кезде Қытай экономикасы 3 айда бітеді. Өз ішінде қажетті мұнай мен газ шығару қиын, жеткіліксіз. Қытай сондықтан қара жолмен баратын жолдарға көп көңіл бөлді, көп қаржы салды.
5) АҚШ әскері Тайванда жақсы орналасып алды. Онымен қоса АҚШ әскері Қытайдың көршілері Жапония мен Оңтүстік Кореяда тұр.
6) Гонк-Конгтағы ереуіл 1 жылдан бері басылмай тұр. Қытай Гонг-Конгқа әскер кіргізбеді. АҚШ соны кіргізеді ме деп күтті.
7) Помпео Минскіге келіп 100 пайыз мұнай беремін деп шулатты. Кейін оны тағы Ресейге сатып кетпесе. Ресей де бір сылтаулар іздеп жүр ғой. Украина, Белоруссия және Қазақстанға сапарын бір қызығы Ресейдің мықты БАҚ құралдары жазбады да. Мысалы РБК.
8)Астанаға келіп Киіз үйдің ішінде Қытайға қарата мәлімдеме жасады. Помпеоның ол мәлімдемесін әлемдегі беделді БАҚ "Қытайдан қашқан ұйғыр мен қазақ Қазақстанға келе берсін, ол жер саяси баспана береді" деп жазды. Мысалы Reuters. Ал АҚШ, Германия және Түркиядағы ұйғыр сайттары "Помпео Қазақстанға барып айтты, қашқан ұйғырларға саяси баспана береді" деп жазып жатты. Ал біздің БАҚ "Қытай қазақтарына Қазақстан араша түссін деп өтінді" деп жазып жатты.
9) 2008 жыл Грузия АҚШ-на арқа сүйеп Абхазиядан айрылды.
2014) Украина Қырымнан айрылды. Донецк пен Луганскіге Ресей әскері кірді. Артынан "Минск келісіміне" қол қоюға мәжбүр болды. Кейіннен белгілі болғандай Украинаны қол қоюға мәжбүрлеген де сол АҚШ. Себебі Украина әскерімен бірге НАТО әскері Луганск аймағында болған. Қоршауда қалып кеткен. Қысқасы АҚШ өз офицерлерін құтқару үшін Минск келісіміне барған. Келісімге бармағанда НАТО офицерлері қырылып кететін еді. Сол келісімнің зардабын Украина әлі ұзақ көретін болады. Қазірдің өзінде дефакто 30 пайыз жерінен айрылып отыр.
10) 2000-шы жылдары Шығыс Түркістанда (Шыңжанда) ұйғырлар көтеріліп жатты. "Шығыс Түркістан ұйғырлардың ғана отаны емес олар ғана көтеріле беруі керек емес"-деп сырттағы біреулер сырттағы "бір қазақтарды" сол жерлерге жіберіп үгіт жүргіздірді. Әрине алдымен діни темалардан бастады. Нәтижелер беріле бастады. Қазақстанға емін-еркін келіп-кетіп жүрген қазақтар да сол уақыттан бастап Қытай түрмелеріне тоғытыла бастады. Және сол сырттағы біреулердің келесі жұмысы Қазақстан ішінен Шығысқа қарай үретін біреулерді тауып жанжалға араластырып жіберу керек болды. Ол да болды.
11) Оңтүстігінде Конг-Конг көтерілетінін Пекин алдын ала жақсы білді. Сол үшін Солтүстік Батысында екінші майдан шығып кетпес үшін Тибет пен Шыңжанды жаншыды.
12) Қытай ішінен шіріп, сол жер қазағымен елге қосылса қанеки, ол да бір лотереядағы шанс сияқты. Қытай түрмеден барлығын шығарып жіберген күннің өзінде сол жердегілер елге түгел көшеді дегенге сенбеймін. Келсе осы күнге дейін келер еді. Ширек ғасыр өтті. Ары кетсе 10-15 пайыз келеді. 2007 жылдан бастап мектепке барғандар тек қытайша оқиды. Ол жақта да мәңгүрттену тез жүріп барады.
13) Қысқасы, Помпео айтты екен деп ешкімнің дүрлігіп кетпейтініне сенемін. АҚШ-қа «Бір белдеу - бір жол» бойында жанжал керек. Бірақ қазақ «Бір белдеу - бір жолдан» да сақ болу керек. АҚШ «Бір белдеу - бір жолдан» өзінің қомақты үлесін алатын болса Қытаймен келісі кетуі де мүмкін.

Нұртас Ілияс

Автордың facebook-тағы парақшасынан
Пікірлер