"Маска, дәрі сатып алудың қажеті жоқ": Алматы қауіпті вирусқа дайын ба?

3635
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚХР-дан шыққан коронавирустық инфекцияны қайтару үшін қаладағы медициналық қызметтердің дайындығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Оған Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Айзат Молдағасимова қатысты.

Баспасөз конференция барысында  коронавирустың алдын алуға дайындығы туралы айтылды.

"Маскалар мен дәрілерді жаппай сатып алудың қажеті жоқ. Олар жетерлік. Дүрлігудің керегі жоқ. Қазіргі таңда қалада маскалары бар 67 дәріхана компаниясы жұмыс істеуде. Кешегі сан бойынша, масканың бір жарым миллион данасы бар. Фармацевтика саласындағы барлық әріптестерімді маскалардың жетіспеушілігіне байланысты жасанды толқулар туғызбауды сұраймын.

Бұл мәселені табыс көзіне айналдырмаңыздар. Мұндай жағдай менингит кезінде де болған.

Кеше медициналық емес ұйымдар, жауапты емес ұйымдар маскаларды сатып алғаны туралы фактілер анықталды. Не үшін? Кейінірек сату үшін. Сондықтан мен қала тұрғындарын дүрбелеңге бой алдырмауға шақырамын. Алаңдауға негіз жоқ.

Жасанды тапшылықты тудырмас үшін қолға тек 15-20 маскадан беруге кеңес беремін. Вирусқа қарсы препараттар туралы айтатын болсақ, олардың саны жеткілікті. Оларды да сатып алудың қажеті жоқ. Дәрілер қажет болған жағдайда тек рецепт бойынша беріледі", - деді Айзат Молдағасимова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін дене қызуы көтерілген 23 адам келген, оның ішінде 4-еуі ЖРВИ күдігімен ауруханаға жатқызылды деп, хабарлаған болатын денсаулық сақтау министрі Біртанов.

Пікірлер