Қыз-келiншектер, әйел-аналар туралы мақал-мәтелдер

4298
Adyrna.kz Telegram

Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi.

Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу.

Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,

Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.

 

Қызым саған айтам, келiнiм сен тыңда.

 

Жақсы үйге түскен келiн – келiн болады.

 

Келiнi жақсының – керегесi алтын.

 

Екi жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар,

Екi жаман қосылса, ырылдасып таласар.

 

Апасының киген тонын, сiңлiсi де киедi.

 

Қызға қырық үйден тыйым.

 

Қызды кiм сүймейдi, қымызды кiм iшпейдi?!

 

Анасын көрiп қызын ал, ыдысын көрiп асын iш.

 

Отырған қыз орнын табады.

 

Жақсы әйел жаман еркектi – ер қылады.

Жаман еркек жақсы әйелдi – жер қылады.

 

Екi сиырың болса – айран болар,

Екi әйелiң болса – ойран болар.

 

Екi әйел алғанның – дауы үйiнде,

Жаман әйел алғанның – жауы үйiнде.

 

Баланы жастан, әйелдi бастан.

 

Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс.

 

Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп.

 

Ата даңқымен қыз өтер, мата даңқымен бөз өтер.

 

Қарыздан да әйел ал, әйелiң қалар жаныңда.

 

Байдың әйелi өлсе – төсегi жаңғырар,

Жарлының әйелi өлсе – басы қаңғырар.

 

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

 

Ауру – астан, дау – қарындастан.

Сараңдық жұғады екен ауылдастан.


 
Әзірлеген Айбол БИТУҒАН

 

Пікірлер