Қазақстанда жаңа заңдар күшіне енген сәттен бастап түрлі қылмыстың жауапкершілігі күшейтіледі, сонымен қатар педагогтың мәртебесі көтеріліп, оқушының жүктемесі төмендетіледі
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда алты заңға енгізілген түзетулер 11 қаңтардан бастап күшіне енді. 2019 жылдың желтоқсан айының соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойған болатын.
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы бірқатар қылмыс үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Олардың арасында:- зорлау,
- браконьерлік,
- мал ұрлығы,
- есірткі тарату,
- өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау инспекторының өміріне, қорықшы қызметіне қастандық,
- мас күйінде көлік жүргізу,
- сонымен қатар бірқатар басқа да қауіпті құқық бұзушылықтар бар.