Мұсылмандардың намазы пұтқа табынушылардың діни рәсімі...

9769
Adyrna.kz Telegram

Сыртқы атрибутикаға еліктеу және сол діни әрекеттерді көзсіз қабылдау көне әдеті әлі күнге дейін әр түрлі ағымдағы мұсылмандардың өзара арасында Мұхаммед айтты/көрсетті деп сиынып табыну кезіндегі қолдары немесе аяқтары қалай тұру керектігі туралы бір бірімен дауласуы тоқтар емес.Оған себеп мұсылмандардың сиыну атрибутикасы Құранға дейін көпқұдайшыларда болғанын білмегені болып табылады .
Әлдеқашан Көне Мысырда сиыну кезінде қолды көкірекке байлайтын:

Табылған мүсіндерге қарасақ, бұл тәжірбие зороастрийліктерге де тән болғанын көре аламыз:


Ал міне осылай мұсылмандар сиынады:

Мұсылмандардың арасында қолды көкіректен төмен байлау тәжірбиесі де бар:

Бұл да зороастрийліктердің тәжірбиесіне ұқсайды:

Қызығы, қолды қалай байлау керектігі туралы мұсылмандар бір бірімен ауыздары көпіргенше дауласады. Ханбалиттер (салафиттер) қолды көкірекке байлау керек деп санайды, ал ханафиттер (Әбу Ханифа мәзһабы) қолды кіндіктен төмен байлау керек деп айтады, сонымен қатар барлығы Мұхаммедке сілтеу жасайды. Бірақ енді, сондай тәжірбие тіпті Мұхаммедке дейін көпқұдайшыларда болғаны анық.
Көне Мысырда сиынушылар қолдарын үстіге көтеріп, алақандарын алды жаққа қаратып жаятын:



Мұсылмандар, атап айтқанда ханбалиттер (салафиттер), бұл қимылды қабыл алды:


Көпқұдайшылар бұл қимылды отыру қалпында қайталайтын:

Бұл қимылды да мұсылмандар, атап айтқанда шииттер қабыл алды:

Көне мысырлықтар өз құдайларының алдында еңкейіп, иілетін:


Бұны мұсылмандар ықыласты түрде қайталайды:


Көне көпқұдайшылар құдайларына сиынып табынған кезде қолдарын созып, алақандарын үстіге қарататын:

Бұл қызықты фотоға қараңыздаршы. Ортада абыз әйелдер тұр. Олардың қолдары қалай тұрғанына және қай жаққа бағытталғанына назар аударыңыздар. Үстіде – өздерін құдай деп атаған билеушілері:

Ал бұл жерде біз 3 абызды көріп тұрмыз: біріншісі сый тартып тұр, екіншісі сұрап тұр, ал үшіншісі алып тұр. Сондай-ақ біріншісі мен екіншісі ойдан құрастырылған құдайларға бет аударып тұр, ал үшіншісі болса жан-жағынан алып қарағанда өздерін құдай санайтын адамдарға үндеу жасауда:

Ал міне зороастрийліктің абыздары Ахура-Маздаға және оның алты көмекшісіне сиынып тұр:

Сосын үндеуден кейін көне мысырлықтар құдайлардың оң жауабы тікелей сиынушыға түсуі үшін беттерін алақандарымен сипайтын:

Бұны да мұсылмандар қайталауда:

Сиыну кезіндегі бұл қимылдардың барлығы ежелгі тарихқа ие, бірақ бізге бұның барлығы Мұхаммадтан келген деп үйретеді. Бұның олай еместігі анық. Оның үстіне, бұл қимылдар Құранда сипатталмаған. Құранда сиыну байланысы кезінде тұру, тізеде тұру және сәждеге жығылу керек деп айтылған. Бұл қимылдардың қандай да бір бағытқа деген қатысы жоқ. Олар сиынушының тек ішкі күйін ғана білдіреді.Сонымен қатар мұсылмандар 5 уақыт намазда өздері түсінбейтін араб тілінде жалбарынып дұға жасайды.Бұл барып тұрған абсурд және көрсоқырлық пен надандық,себебі Құранда түсінбейтін тілде Құдаймен байланысқа шығуға( намаз оқуға) тиым салынған. Жаратушыда және оның тарабына сиынатындай белгілі бір орын да жоқ. Ал алақандарды белгілі бір жаққа қарату, еңкейіп, иілу және алақандармен бетті сипау болса, мұсылмандарға көпқұдайшылардың құдайларына деген сиынулары кезіндегі қимылдарынан келген. Сондай күмәнді қимылдар дауласуға тұра ма? Одан гөрі Жаратушымен байланысу құрани әдістемеге назар салу жақсырақ емес пе?

Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді!

Серік РЫСЖАНОВ

Пікірлер