Әділет министрлігінің өкілдері Bek Air әуекомпаниясының басшылары туралы айтты, - деп хабарлайды "Адырна" Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне "BEK AIR" ЖШС әуекомпаниясының құрылтайшыларына қатысты БАҚ-тың көптеген сауалхаты түсті. Заңға сәйкес ЖШС-ның аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заң бойынша қорғалатын өзге де құпия ақпарат болып саналмайды. Бұл ретте ЖШС құрылтайшылары мен қатысушылары - оның үлестес тұлғалары", - деді Әділет министрлігінің өкілдері.
"Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметінше, BEK AIR ЖШС 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген. Басшысы - Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы - Жарқымбаев Сәкен Тоқпайұлы. 2017 жылдың 18 сәуірінде құрылтайшының ауысуына байланысты (Шүленбаев Дамир Маратұлы) қайта тіркеу жүргізілді", - делінген хабарламада.
"Үш рет басшы ауысқан. 2013 жыл 29 шілде - Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жыл 18 шілде - Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы. 2019 жылыы 25 сәуір - Бияхметов Рустам Ілиясұлы", - деп қосты министрлік өкілдері.
Осыған дейін, Bek Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов бұрындары авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі басқарманы басқарғаны айтылды.
Осыған дейін әлеуметтік желіде бұл компанияның елдегі ең ықпалды 50 бизнесменнің қатарында болған Нұрбол Сұлтанға тиесілі деген ақпарат жүрген еді. Оның әкесі Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев - Қазақстандағы танымал адамдардың қатарында.
Артынан Нұрбол Сұлтан бұл авиакомранияны сатып, АҚШ-қа қоныс аударған деген мәлімет шықты.
"Адырна" ұлттық порталы