Тасмағамбетов қай партияға қолдау білдірген?

6425
Adyrna.kz Telegram

Иманғали Тасмағамбетов қажылыққа (Умраға) – саяси күрестен қажып, рухани демеу іздеп, шарасыздықтан барған cекілді болып көрінді өзіме. Әлеуметтік желіні шарлап кеткен әлгі суретінде, қажылыққа оны біреу сүйреп апарғандай болып состиып қалыпты. Өңі солғын, көңілсіз тұр. Бет әлпетінде сарай маңындағы болып жатқан интриганың табы байқалады. Негізі, саясатта жүрген адамдардың көбі мұндай нәрсеге бара бермейді. Кеше ғана комсомолдың 100 жылдығын атап өтіп, соның бел ортасында жүрген адамның аяқ асты мұндай қадамға баруына басқа не түрткі болуы мүмкін? Иә, ол «мерейтойға» да өз еркімен бармағаны көрініп тұр ғой. Ағамыз умраға аттанып бара жатқанда, мына жақтаға бар проблемасын ауыр жүк қылып, өзімен бірге сол жаққа ала барған. Өйткені, сонда бара салысымен інісі де бірден тергеуге алынды. Қажылыққа баруды бұрыннан жоспарлаған болуы да мүмкін. Бірақ оны соңғы кездегі басынан өтіп жатқан жағдайлар тездетіп жіберген секілді. Қажылықтан тыныштық іздеп, кішкене болсын рухани демеу алып қайтқысы келді ме екен, кім білсін?! Шешесі қайтыс болғанда, бүкіл ақын-жазушылар мен спортшыларға дейін көңіл айтып барды. Ақшасын төлеп, чартерлік рейспен бәрін бір-ақ алып барған ғой деймін. Тіпті, «Асыл арнаның» бүкіл сайманын сүйретіп, әншейінде ағамызбен жолы түйісе бермейтін Мұхамеджан Тазабекке дейін сонда жүр. Мұхаң енді «ақыретін» (болашағын) ойлап барған ғой. Отбасының маңында болып жақтан саяси интрига анасына қатты әсер еткендей болып көрінді. Бір кісілер қазаны сонымен байланыстырыпты. Жаңадан құрылған бір партияға қолдау білдірген деген сыбыс та шығып жатыр. Имекең қазір не істерін білмей, қатты ой үстінде жүрген сияқты..

Аманғали Рахмет

Интернет иірімінен

Пікірлер