Қазақ, қайда барасың?

4219
Adyrna.kz Telegram

Әрине әрбір ұлт ұзақ өмір сүргісі келеді. Тіпті мәңгілік тұрғысы келетіндер де бар. Қытай императорларына қол астындағылары «мың жылдық ғұмыр» тілеген. Рейх идеологтары 3-ші мыңжылдыққа жетуді мақсұт тұтқан. Мөңке деп білетін Шыңғысхан тұқымы «мәнгу», «мәңгі» сөзі болатын. Маньчжурлар түркінің мәңгі сөзін ту еткен. Мәңгі саны далалықтар үшін алыс сан еді. Содан барып мың шықты, мың басы. Еуропаға мың сөзін біз апарғанбыз...

Кеще билік тіл жөнінде асықпауды айтады. Жақсы. Біз ...тосамыз.  Ал қазақ тілі Алатаудың басына шығып атқа мініп тосып тұрады. Қазақтар қашан келесің деп...

Тіл.

Тіл бұл мемлекетті жасайтын негізгі күш. Қазіргі Францияда кім кельт, баск, провансаль тілінде сөйлейді. Шындығында осы төрт тіл бөлек жатқан. Бәрі бір арнаға құйылды да француз тілінің бағы асты. Мексикандықтар, португальдықтар, аргентиналықтар испандықтар емес. Бірақ бәрі испан тілінде сөйлейді. Әлем әдебиетіндегі ірі жетістіктер осы тілде. Коэльоны «көп ақшамеен көндіріп әкеліп» өзіміз туралы жазғыздық. Әйтпесе қай ел бізге жалынышты. Қазақ тілі Қазақстанда қадірсіз. Ал тіл бар мәселенің басы. Прага университетінің профессоры Ян Гус чех тілінде былай деді: «Чех корольдігінде чехтар бірінші болу керек». Бітті.
Ян Гус Константце босқа өлген жоқ. Прага студенттері, соқыр қолбасшы Жишка, ағайынды Прокоптар ұлт – ашу арғымағын ерттеді. Жаңа қала Ратушасының терезесінен Люксембург династия өкілі король IV Вацловтың бургомистері мен кеңесшісі лақтырылды. «Немісті ұр» ұраны жығылмас желкенге айналды.
Неміс тілі акцентімен сөйлейтін лотарингиялық пәк қыз Жанна Д.Арк «Әсем францияны» француз тілімен өлімнен алып қалды. Сұлу фараң тілі «ағылшын болудан» арашалады.
Латын тілін неміс тіліне аудару арқылы Кальвинизм бір ұлттың түсінігін өзгертті.

Түркімен- Қыпшақ көсемі Ертоғрыл XIII ғасырда моңғол – қыпшақтардан шегініп 500 әскермен Иконий сұлтандығына келіп орналасып, Кіші Азияда Османның ұлы тарихының беттерін ашты. Өз құрамына «Ғазиларды» жинай отырып (сөз түбірі қазақ – еркін) атты әскерді (спақтар – бұл сөз кейін славян тіліне өтті) көбейтіп алып, жауланған елдерден ұлдарды жинап жаңа әскер жасақтады. (Есіңізге түрік лицейінде жүрген қазақ балалары түспей ме?) Мол шабуылдардан түркі елі гаремі поляк, орыс, украин, неміс, итальян, грузин, бербер, еврей қыздарға толды. Апасымен грекше, әжесімен полякша, намазда арабша, поэзияны фарсиша тыңдаған түрік әскери бұйрықты түрікше тыңдады. Түрік тілі өсудің, қызмет алудың тілі, кеңсе тілі, орда тілі болды. Осы тіл бүгінгі тұлғалы Түркияға әкелді. Солай. Бүгінгі қаззап казактар үйінде түркіше сөйлейтін. Тек бұйрықты басында полякша, кейін орысша тыңдап елден бөлініп, енесіне шапқан ессізге айналды. Ақордада алақанға салынбаған тіл, көшеде де шұлғау. Шындық сол.

Дін.

Христиан діні алғаш пайда болғанда Батыс үшін «құлдардікі» болатын. Бұл дін даладан барған. Ол еркіндіктің байрағы еді .  312 жылы император Константин Максенция әскерімен кездескенде крест белгісін көтерді. Константинге қарсы тұрған Далалықтар кетіп қалды. Бір бағытты, бір ұжымда тұрғанда діннен күшті жоқ. Христиан соборында 430 жылы билікке келген Констанинополь патриархы түрік Несторий «Құдайдың Анасы жоқ» деді. Бұл христиандарды бөліндіге әкелді. Дала Еуропадан бас тартты.
Египеттік түркілер грек тілін сыртқа теуіп түркі – копт тілінде дұға оқи бастады. Олар әлі бар. Бұрнағы жылы 5 копт – христиан депутат болып сайланды. X ғасырда Араб хандарының құлауына араб тілінің тым үстем болуы, себеп басына айналды.
Оң жақ немесе сол жақтан шоқыну христиан дінін католик немесе православ секілді екі зор ағымға бөліп жіберді. Еуропа инквизациясы өз халқының үштен бірін қырып тастады. Күнәлі, күнәсізді Құдай өзі ажыратып алады деді шіркеу жендеттері. Хиуа хандығы қазақтар аруаққа тәу етеді деп шабуыл жасады. Француздың болмашы дауы «Варфолемей түніне» әкелді. Иран мен Ирак сунниттер мен шейіттер таласы аптасына 10 адамды жұтуда. Бүгін. Қазір. Сіз осы жазуды оқып отырғанда. Сондықтан сақал дауы кеңірдекке жетіп, ұстара орнына пышақтар сөйлеп кетуі ғажап емес. Мен хиджап кием, сақал қоям, қысқа шалбар киемін секілді жат дәстүр қазақты жек көрудің басы. Қазақ әйелі бетін жаппаған. Бет жабу- өлім символы. Қара кимеген.  Ақ жаулықты үлкендер, қыздар қызыл орамал таққан. Ақ шыт таққан жігіт бәйгеге, додаға түсер, яғи басын бәйгеге тіккен жан. Ақ түсі кебіннің деталі. Томирис, Абақ, Тарақты, Жанбике секілді рулар аналар құрметіне қойылған. Сондықтан қазақ ел болам десе, жат ділдік ұғымға құшақ ашпауы керек.

Ұлтсыздық немесе аралас неке.

Әрине бұл атаудың тәтті естілер кезі -интернационализм. Бауырмалдық/братство/.  Мен Ассамблеяға жан-тәніммен қарсымын. Өзге ұлт Қазақстан тұрамын десе, қазақтансын. Біздің тілімізде сөйлесін, дінімізді құрметтесін. Бұл мемелекеттің егесі менмін. Бұл жердің бәрі менікі. Мен қорғап қалғанмын. Бұл араға ешкімнің ортақтығы жоқ. Мен Желтоқсанда қаза табамын, Мен Жаңаөзенде өлемін. Бәрібір өзім үшін.
Елбасы 1993 жылы «Известия» газетіне берген сұхбатында біздің ауылда қазақ дауласса, төрелік айтуға орысты шақыратын депті.
Қазақты орыс тілі жар басына шығарып, жығуға әкелді. Жылағанның үстіне Ассамблея қосылды. Қазір теледидар айдынында әйелі орыс, немесе керісінше отбасыларды жарнамалайтын дүниелер толып кетті. Бұрын әкесі не шешесі басқа ұлт болса, «шата ит» деп, алаш алыс тұрушы еді.
Аралас некенің аяғы неге апарып соғарын көрсетер алапат мысал – Мексикада. Мексиканы басып алып колония жасаған ел негізінен Испандар болатын. Жалпы Испан еліне кейін бір арнайы тоқталамыз. Еуропаның ғұндар, Шыңғысханның кейін қайта оянуына , гегемондық алуына тікелей әсер еткендер осылар. Мағрип жұрты арқылы, араб мәдениеті , яғни түркілердің төл мәдениетін жұта отырып, Испания өзі армандамаған асқарларға шықты. Испания бағы 1808 жылы король отбасын тұтқындап Наполеон Мадрид тағына бауыры Жозефті отырғызғанда қайтты. Еркі өзінде қалған жұртта сұмдық соқпақтар көріне бастады. 18 ғасыр аяғында испандар мен үндістер орнына қатігез төрт этникалық топ туды. Пенде төртеу болғанда, пікір сегіз болмақ. Ең жоғары билік басында испандықтар тұрды. Оларды жұрт «гачупиндар» деп атады. Бұл аз адам көп байлықтың иесі, әрі жек көрудің нысанасы болды. Бұлардан төмен креолдар тұрды. Қанында үндіс қаны бар конкистадор ірі жер иеленушілер, қожайындар саны бір миллиондай делінеді. Ал бес миллиондай үндіс, жердің, елдің егесі, негізгі мемлекет құраушылар малай/пеон/ немесе қазба жерлерде жұмысшы болмаса өз әкімдері қасықтар басқарып отырды. Невада-Семей эмблемасындағы үндіс түрі өзгермегендей.
1808 жылы төртеудің үшеуі гачупиндарға қарсы майдан ашты. Үндістер, метистер,креолдар бірін-бірі соншалық жек көрді. Бұлардың дос болуы мүмкін емес еді. 1810-1817 жылдар үндісер көтерілісін діндарлар Идальго мен Морелос бастады.
1812 жылы креол полковник Итурбиде көтерілісшілдер жағына шықты. Испандықтар бар жетістігінен айырылып, тарихтың жабылған бетіне айналды. Азамат соғысы қайта тұтанып, бірде өшіп, 1920 жылға дейін жетіп, метистердің «будандардың» жеңісімен аяқталды. 1926-1927 жылдар «кристерос», яғни креолдар қайта бас көтерді. Мексика әлі төңкеріс қазанында қайнауда. Америка құрлығындағы елге Америка да билігін жүргізе алмады. «Най саудасы» , «адам саудасы», «қару-жарақ саудасы» әбден асқынып, құрықтан кетті. Бірақ ең өкініштісі, үндіс мүддесі аяқ асты таптауда қалды. Олар жоқ. Меймандар мерекесі ішінде, үй иесі жоқ.
Тақ соғысы. Бұл қазақ үшін қауіпті соғыс. Қажыгелдин, Тұяқбай, Әлиев, Әләзов соғысы бұл жылы жер үшін, кең кеңселер үшін жүріп жатқан майдан. Аталған ұрыстарда қазақтың аты көзірлік карта есебінде пайдалану үшін ааталуы мүмкін, бірақ бұл қазақ бостандық алады деген сөз емес. Королингтер империясы тарағанда, Генрих Саяткер ,Әйгілі Оттон секілді немістер таққа отырды. Бұлар немістенген түркілер болатын. Сондықтан мажарлар мен тіл табысып елге тыныштық сыйлады. Бірақ ішкі майданда үш династия алмастырылды. Саксондық, франкондық, швабтық/Көгенштауфендер/ осының кесіріне неміс мүддесі ұзаққа ұмытылды. Аталған кландық соғыс Шыңғысханнның ұлы империясын тас талқан етті. Шыңғысхандай мол жерді ешкім билеген емес. Себебі Е.Зұлқұрнай империясы қиял жемісі. Рум империясы ауыз ауыртпас алақандай жердегі аз халық. Ақсақ Темір құрған империя да дәл осы жолмен тарих шаңына көмілді. Әбілқайырдың кейінгі істері, өзексіз өкпесі Алаштың басын ноқтаға салды. Алашорда мен қызылдар майданы соның көрінісі. Себебі, әккі орыс қызылдар қазақтың оқығандарын ортаға, билік басына тартты. Алашордалықтарда басқа таңдау да жоқ еді. М.Әуезов осыны ерте түсініп бас тартты. Ал бір адам Б.Н.Ельциннің бас асау мінезі КСРО-ның тарауына әкелді. М.С.Горбачев, ГКЧП бұл майданда таза жеңілді. Демек, біз тақ таласына жол бермеуіміз керек. Билік ішінде де, оппозицияда да, тек қазақ ұлты үшін деген ұранды мұрат тұтқан әзіз әзір ешкім жоқ... ЖОҚ! ЖОҚ!
Тіл, дін, ұлтсыздық, тақ таласы секілді ұрыста қолдан қару кетсе, ойымыздан дәру кетеді. Бұл құру деген сөз. Біз ұлы мұздақтардай жарқылсыз жоғаламыз. Әрине, бізді қызықтырар жандар болады. Пигмей, банту, сарыұйғыр, аборигендер, үндістер қатарына біз де қосыламыз. Бізді де зерттер алымды жұрт. Айтысы болған деп, әні болған деп... бірақ қытайды зерттегендей қорқынышпен емес. Шошумен емес. Солай. Таңдауымыз көп емес. Бізді алып қалар соңғы қорған- ұлтшылдық. Шеванье секілді. «Фараңстан, Фараңстан, тек Фараңстан» деген шовинистік...Мойындату. Басқаны мойындату. Өзгеге барып инвестия сұрау не айтар ісімізге, араласар деген жалтақтық елес. Жаңа жол, ұлы жол-ұлттық жол бізді тосуда. Тарих мәңгі тоспайды... Ешкімді. Бізді де.
БҰЛ БИЛІК БОЛДЫ!
Біз қаламыз...

Серік Елікбай

Пікірлер