Home » Айдарлар » Асыл қазына » Тостағандағы жазудың сыры қашан ашылады?

Тостағандағы жазудың сыры қашан ашылады?

Алғашқы «Алтын адам» Алматы қаласынан 50 км шақырым жердегі Есік өзенінің бойынан 1970 жылы археологиялық қазба кезінде (К.Ақышев, Б.Нұрмұханбетов) көне қорымнан табылғанын білеміз. Қазір «Алтын адамдардың» саны алтауға жетіпті. Құдай, қазаққа амандығын берсе, әлі «алтын адамдардың» саны 16-ға жете ме, 26-ға жете ме, белгісіз? Өйткені, біз – жер-дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен, тарихы алтын әріптермен жазылған ұлы көшпенділердің ұрпағымыз.

Есік қорымынан алтын киімді сақ жауынгерімен бірге оның дуылғасы, алтын сапты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс-аяқтар және осы жазуы бар күміс тостаған табылған болатын. Тостаған «Назарбаев Орталығында» сақтаулы тұр. Жасы б.з.д IV-V ғ.ғ деп есептеледі. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба орналасқан. Белгілі түркітанушы-ғалым Алтай Аманжолов оны «Аға, саңа очкуқ! Без чөк! Букун ічре (р?) азуқ і» деп оқыған. Мағынасы: «Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!». Тостағандағы жазу туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Зерттеушілер бұл тостағанның аудармасы туралы нақты бір шешімге әлі келген жоқ. Бұл мәселе болашақта өз шешімін табады деп сенеміз. 

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Көшпендінің ұрпағы аттың атын білмейді

Бір жерде арғымақты «тұлпар» деп беріпті. Жер шарында жылқының 250-ден астам түрі бар екен. Соның ...