Жамбылда «Бақытты отбасы» арқылы 258 отбасы баспаналы болды

3736
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде еліміздегі ең өткір мәселенің бірі баспана мәселесі екені айтпаса да түсінкті жәйт. Осыған орай Үкімет қарапайым халықты баспанамен қамтитын кешенді бағдарламалар жасап, халыққа ұсынуда.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында облыс бойынша 2 миллиард 902 миллионға жуық теңге сомасында 338 өтініш қабылданған. Қабылданған құжаттар ішінде 258 отбасы жалпы 2 миллиард 234 миллионнан астам теңгемен несиелендіріліп, баспанаға ие болып үлгерді. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров 80 отбасы үшін 680 миллионға жуық теңгенің ипотекалық несиесі рәсімделіп жатқанын мәлімдеді.

«Елімізде ағымдағы жылдың шілде айынан бастап – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бюджеттік несиелендіру бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. Айта кету керек, аталған бағдарламаға тек қана 3 санат бойынша әлеуметтік аз қамтылған, яғни 4 және одан да көп баласы бар, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған және толық емес отбасылар қатыса алады. Тараз қаласы бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған 18 мың 565 азаматтың 1794-і осы санаттағылар. Жалпы, тұрғын үй кезегіне тіркелмеген азаматтарға жолдама берілмейді. Негізінен, республика бойынша бұл бағдарламаға 50 миллиард теңге қаржы бөлінген. Соның ішінде біздің облысқа тиесілісі 3 миллиард теңге көлемінде. Аталған бағдарлама үш жыл бойы жүзеге асырылатынын ескерсек, бұл уақыт ішінде талай отбасының баспаналы болары анық», - дейді Жайықбай Шалдаров.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған бағдарлама бойынша «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарапынан тұғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жолдама беріліп, «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» облыстық филиалына өтініштері тіркелуде.

Қала аумағынан ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап көпбалалы отбасыларға жекешелендіру құқығынсыз 142 пәтер сатып алыну үстінде. Сондай-ақ «Қарасу» шағын ауданында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 180 пәтерлі төрт жатақхана салынып, кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға заң аясында үлестірілмек. Аймақта аталған бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары жалғасын табады.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер