Биыл Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойы аясында қайраткердің атын иемденген аудан әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зор табыстарға жетті. Барлық салада жетістіктер мен ілгері даму бар, көрсеткіштер көңіл көншітерлік. Ауданның әлеуетін арттырып, экономикасының тұрақты дамуына серпін беретін саланың бірі – шағын және орта кәсіпкерлік.
Аудан орталығы Құлан ауылында Нұрлан Қауымбаев «Қаракөз» сауда орталығын ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтыды. Сондай-ақ кәсіпкер Үкімет пен жергілікті басшылар тарапынан кәсіпкерлікке қолдау зор екенін айтып, алғысын жеткізді.
А.Досбембетова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грант алып, кәсіпкерлікпен айналысуда. Кәскіпкер фотосалонға келушілердің қарасы қалың екенін айтады.
Қуаныш Тәжиев «Бастау-бизнес» жобасы аясында қаржы алып, үндік шаруашылығын дамытып отыр. Кәсіпкер құс өнімдерінің нарықтағы сұранысына жауап беретіндей деңгейде жұмыс атқаруға бел буып отыр.
Қ.Әбдірайымов жетекшілік ететін «АлРай» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын іске қосып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Қазіргі таңда мал шаруашылығы, мал өнімдерін өндіру мен экспорттау мәселесі қарқынды дамып келеді.
«АДЫРНА»
ұлттық порталы