«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасында тың жаңалықтар болады

5421
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде елімізде кәскерлерді қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен кәсіпкерлікті дамыту бағытында жеңілдетілген несие беріліп, іскер азаматтар,а қолдау көрсетілуде. Алдағы уақытта «Даму» қоры кәсіпкерлерді субсидиялау бойынша электронды құжат айналымына көшетін болды.

«Даму» қорының облыстық филиалының директоры Бақытжан Исаковтың айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидияларды ұсыну өте маңызды. Сондықтан да ол мемлекеттік қызметті алу үшін «Даму» Қоры, ЕДБ және кәсіпкерлер арасында үш жақты шартқа қол қою енді электронды форматқа көшетінін мәлімдеді.

«Субсидиялау шартына Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы мен интернет болған жағдайда, уақыты мен орналасқан жеріне қарамастан қол қоюға болады. Өткен жылға дейін шарттар бойынша барлық жұмыстар дәстүрлі түрде қағазда жүргізілді және қағаз құжат айналымының өзі біршама созылды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Даму Қоры электрондық құжат айналымы процесін іске қосты, ол электрондық-цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, субсидиялау шарттарына электрондық түрде қол қоюға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша сегіз банк субсидиялау шартына электронды қол қоюға көшті. Бүгінгі күні Қор 26 субсидиялау шартына қол қойды», – дейді ол.

Бір сөзбен айтқанда 2020 жылдан бастап субсидиялау шартына толық электронды қол қоюға көшу жоспарлануда. Сондай-ақ ол ҚР Үкіметі «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы қарап жатқанын, осы жылдың соңына дейін бекіту жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасынан кәсіпкерлерді қандай жаңалықтар күтеді. Біріншіден, айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер мөлшері 60-тан 360 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады.
Сондай-ақ  жас кәсіпкерлер үшін кредит көлемі 20-дан 60 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұдан бөлек мемлекеттік гранттар сомасын 3 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін ұлғайтылып, кәсіпкерлердің еркін жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі», – дейді ол.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

Пікірлер