Нартайдың күйтабағы жарыққа шықты

3938
Adyrna.kz Telegram

Биылғы жылы белгілі әнші, ақын Нартай Бекежановтың туғанына 120 жыл толғалы отыр. Осыған орай, белгілі өнерпаздың кіндік кескен өңірі – Шиелі ауданында арнайы іс-шаралар өткізу ісі қолға алынды.

Бүгінгі күнге дейін әншінің шығармалары енгізілген жаңа күйтабақ жарыққа шықты. Онда өнерпаздың 24 әні мен жыры топтастырылған. Әнші мұрасын белгілі әнші, Мәдениет қайраткері Құрманбек Бекпейісов жинақтаған. Күйтабақ Алматы қаласындағы «Дастан» студиясында әзірленген.

Бұл дүние жергілікті жұрттың көзайымына айналып үлгерді. Кезінде Сыр бойын ән мен күйге бөлеген өнерпазды бүгінгі ұрпаққа насихаттау кейінгі уақытта кемшін түсіп жататын еді. Оның артына қалдырған мұрасын тек белгілі өнер иелері ғана орындайды. Жаңа күйтабақ осы олқылықтың орнын толтыратыны анық.

Жақында өнерпаздың жерлестері үлкен тойдың тойбастарын бастап үлгерді. Аудан орталығындағы «Арман» мәдениет үйінде «Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі» атты кеш өткізді. Онда «Нартай сазы» фольклорлық ансамблі жырдан шашу шашты.


 Әділжан ҮМБЕТ,

Қызылорда облысы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер