Өскеменде кардиологиялық орталық салынады

1875

Шығыс Қазақстанның әкімі Даниал Ахметов аймақта медицина саласы қалай дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, алдағы жылдары Семейдегі жедел медициналық көмек ауруханасы JCI халықаралық стандартына сәйкестендіріледі. Ол сондай-ақ, өңірдегі елдімекендерде кардиологиялық орталықтар ашылып жатқанын атап өтті.

«Медицина сапасы - заманға сай жабдықтарды игеріп, сатып алу, филиалдарды ашып, медициналық ұйымдардың халықаралық стандартқа көшірілуімен есептеледі. Сонымен қатар, біз тек жетекші аймақтық клиникаларды дамытуды мақсат тұтып отырған жоқпыз. Республикада бірінші болып екі аудан орталығында - Аягөз бен Алтайда инсульт орталығын аштық. Тұрғындар алдымен жаңа халықаралық стандарттардың не екенін көрді. Төрт айдың ішінде біз сол елдімекендерде кардиологиялық орталықтарды ашамыз. Артынша Аягөз мен Алтайда шунтты операциялар жасалады», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 

Даниал Ахметов сонымен қатар, аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан жетекші медициналық орталықтардың филиалдарын ашу қажеттігін атап өтті.

«Екі-үш қаладағы жоғары технологиялық орталықтарға сүйенетін болсақ, прогрессивті медицинаны дамыта алмаймыз. Біз Семей қаласындағы ауруханада травматология институтының филиалын ұйымдастырдық. Өскеменде кардиологиялық орталық салудамыз. Жақын арада Семей қаласында Нейрохирургия институтының филиалы ашылады», - деді әкім.

«Адырна» порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket