Ақжол Теңгебаев «Игілік» бағдарламасының игілігін көруде

2676

Жамбыл облысына қарасты Жамбыл ауданында жеке кәсіпкер Ақжол Теңгебаев  Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Жамбыл облысындағы филиалынан несие рәсімдеп, қой шаруашылығын дамытуды қолға алды. Ерназар ауылының тұрғынының айтуынша, қордың жеңілдетілген несиелер шаруаларға үлкен көмек.

«Мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан «Игілік» бағдарламасы арқылы 6 процентпен 6,5 жылға 4 млн теңге несие рәсімдеп, оған 110 бас қой мен 4 қошқар және мал азығын сатып алдым. Қазір қысқа дайынбыз. Осы малды қыстан аман-есен алып шығып, көктемде төлдетсем деп отырмын. Ауылда тұрғаннан кейін малмен айналысу керек. Бұрынғыдай емес, қазір мемлекеттік қолдаулар бар, соны пайдалана білу керек. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры беретін несиенің шарттары мен талаптары қиын емес және жеңілдік мерзімі бар. Ол біз сияқты шаруаларға үлкен көмек. Ауыл кәсіпкерлерін қаржылай қолдап келе жатқан Қордың құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр екен. Осы Қорда жұмыс істейтін барлық қызметкерлерді 25 жылдық мерейтойларымен құттықтаймын. Еңбектері жемісті, жұмыстары табысты болсын!», – дейді Ақжол Теңгебаев.

Жалпы биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында «Игілік» несие өнімі арқылы да қой сатып алу үшін 316 шаруаға 1 млрд 62 млн 455 мың теңге несие берілді. Бұл қаржыға 30 363 бас қой сатып алған шаруалар қораларын малға толтырды. Әлі де қой шаруашылығымен айналысу үшін несиеге өтінім берген азаматтар баршылық.

Сондай-ақ, «Игілік» несие өнімі арқылы кәсіппен айналысамын деген азаматтарға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие беріледі. Бұл несие өнімі арқылы мал, құс, бал араларын сатып алып, кәсіп істеуге болады. Сондай-ақ, 9 ай жеңілдік мерзімі қарастырылған. Ең бастысы шаруаның несие тарихы жақсы болуы керек және бюджеттің, қаржы институттары мен салық органдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс. Мал ұстайтын қора-жайы, талапқа сай жайылымдық жері болуы керек. Қордың кепілдік саясатына сәйкес, шаруа кепілдікке жылжитын немесе жылжымайтын мүліктерін қоя алады.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік жобаларын қаржыландырып келеді.

Биыл Қордың құрылғанына 25 жыл. Осы уақыт аралығында жалпы сомасы 312 млрд теңге болатын 152 мың несие берілді. Биылғы жылдың соңғы көрсеткіші бойынша барлық бағыттар бойынша 51 млрд 296 млн теңгені құрайтын 11 351 жоба қаржыландырылды.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket