Бұрын дінді ұстанып, намаз оқып жүрген адамдарға халық зор құрметпен қарайтын. Ал қазір қоғамда теріс діни ағымдарды ұстанушы адамдардың кесірінен келеңсіз оқиғалар көбейіп, діннің қадірін де бек кетіріп жібергені ешкімге жасырын емес. Мына сорақы оқиға 2019 жылдың 07 қараша күні қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Зайсан қаласында орын алды.
Таңғы сағат 08.15 минутта аудандық полиция бөлімшесіне 1994 жылы туған С. есімді азаматша келіп арызданады. Арызданушы қыз жуықта танысқан А. есімді намазхан жігіт оны түнде автокөлік ішінде күш көрсетіп, зорлауға әрекеттенгенін баяндады. Жәбірленуші қыз зорлықшының әрекетіне түбегейлі қарсылық білдіріп, автокөліктің терезесін сындыру арқылы қашып құтылған. Таңертең полицияға арыздануға мәжбүр болған. Бойжеткен жігіттің намаз оқитынын білгендіктен одан еш күдіктенбей, яғни мұсылманға жат әрекет күтпеген.
Полиция қызметкерлері оқиға орнынан ВАЗ-21114 көлігінің терезе әйнек сынықтарын, желқағар ұсақ бөлшектерін, тоқылған ақ түсті бас киім, резеңке шашбау, ұялы телефонның қабы, сырғаның бір жақ сыңарын және жуылған қан дақтарын тапты.
Аталған оқиға бойынша 1987 жылы туған Қ.А есімді Зайсан қаласының тұрғыны күдікті ретінде танылып, уақытша қамауға алынды. Белгілі болғандай, күдікті азаматтың дәстүрлі емес салафизм деструктивті діни ағымының идеологиясын ұстанушы екендігі анықталды.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Намаз оқыған соң сеніп едім". Қызды зорламақ болған жігіт ұсталды
19.11.2019
13132
Пікірлер
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз