Қазақ кілемінің қадірін білетіндер бар

2606
Adyrna.kz Telegram

Батыстың арнайы интернет-аукцион сайтында қазақтың кілемі жоғары бағаланғандығы туралы жазылыпты.

Таза жүннен тоқылып, оюлармен өрнектелген кілемнің бір шаршы метрі 700 долларға бағаланған. Бір айта кетерлігі, бұл жаңалық біздің елге қатысты емес. Өйткені кілем Әзірбайжанда тоқылған. Сол жақтағы қазақтардың еңбегі көрінеді.

Кілемге сұраныс Парсы шығанағындағы шейхтер мен Батыс елдеріндегі ақсүйектердің назарын үнемі аударып келеді. ХV ғасырда әлемге белгілі Ганс Гольбейннің «Соңғы» атты картинасында қазақ кілемінің бейнесі көрініс табуы тегін емес. Бұл картина Лондонның көркемөнер галереясында сақтаулы. Батыстағылар үшін қазақ кілемін анықтау онша қиын емес көрінеді. Ондағы ою мен өрнектің өз-ақ ұлт ерекшелігін айғақтайды. Қазақ кілемінің отаны Әзірбайжанның Қазақ ауданы екендігіне философия ғылымдарының докторы Әлібек Қажығалиұлының «Ою мен ой» атты кітабында нақты айтылады. Ғалым қазақтың ою-өрнегін көп уақыт зерттеп, оның тарихи жақтарын анықтаған. Алтын орда патшалығы құлағаннан кейін Кавказдағы түрік тайпалары өздерін қазақпыз деп атап, Әзірбайжанның құрамында қалады. - Әзірбайжан кілемдерінің арасынан өрнектеріне қарап, қазақ кілемін бірден табуға болады. Ою-өрнекті зерттеуші ғалымдардың айтуына қарағанда, қазақ кілеміндегі өрнек алтайлық шеберлердің қолтаңбасына ұқсайды, — дейді Әлібек Қажығалиев.

Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ, «Айқын».

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер