Қаржаубай Нұрымовтың отбасына “қысым көрсетті” деген айыппен “Доктор” заң алдында жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.
Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген.
Адвокаттың айтуынша, “Доктор” лақап атымен әлеуметтік желіде танылған азамат – Әбдірахман Бауыржан – Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасына ұзақ уақыт бойы аңду, қорқыту және арандату әрекеттерін жасаған. Бұл мәселеге қатысты сот отырысы өтті.
Сотта адвокат нақты талаптарын жария етті.
“Жауапкер TikTok желісіндегі maskarad778 және басқа аккаунттарында Қаржаубай Полатұлынан ресми түрде кешірім сұрап, бейнежазба жариялауы тиіс. Бұл видео 30 күн бойы ашық күйде тұруы керек”, – деді адвокат
Мейірман Шекеев.
Судья жауапкерден кінәсін мойындайтынын сұрағанда, Әбдірахман Бауыржан бәрін растаған.
“Айтқанымды мойындаймын”, – деп жауап берді.
Медиация жолымен татуласуға бола ма деген сұраққа жауап беру кезінде адвокат қарсы тарапқа тікелей сауал қойды. “Қаржаубайдың отбасын не себепті аңдыдыңыз?” деген сауалға:
“Қазақстан азаматы, қазақ болған соң, ол жерде болған істі көріп, ашуланып, соның бәрін істедім. Бұл – менің азаматтық позициям. Мен оны батыр қылуға жол бермеймін”, – деп жауап берді.
Еске сала кетейік, Қаржаубай Нұрымов бұған дейін соттан түсетін моральдық өтемақыны балалар үйіне аударуға ниетті екенін айтқан болатын.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз