Бүгін, 30 мамырда кешкі сағат 18:45 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласындағы «Ниет» жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Мәлімет бойынша, жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасының жарылысы болған.
Жарылыстан соң қызыл жалын жақын маңда орналасқан бірқабатты үш құрылыс нысанына, газ құю станциясына және станцияның артқы тұсында орналасқан екі қабатты ғимаратқа таралған.
«Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД және Өртке қарсы қызметтің 60 қызметкері мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды. Өртті сөндіру және газ тасымалдағышты салқындату жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар өрт ошақтарын оқшаулау және адамдарды қауіпті аумақтан эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомство.
Алдын ала мәлімет бойынша, 14 адам зардап шеккен, олардың екеуі көз жұмған.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз