Ою-өрнек – өрелі өнер

6585
Adyrna.kz Telegram

Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқ ы элемент ретінде қолданылады.

Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әрқайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасқан, халқымыздың тарихымен, өмірімен бірге ілгерілей дамып отырған. Қазақтың байырғы ою-өрнек үлгілері тарихта «андронов мәдениеті» деген атпен белгілі дәуірден басталады. Бұл дәуір біздң эрамызға дейінгі екі мыңыншы жылдарға тура келеді. Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ірі мәдениет үлгісі ретінде аталады. Халық арасындағы шеберлер ою-өрнекпен сәулетті ғимараттар мен киім-кешекьерді, қару-жарақты тағы басқа толып жатқан тұрмыста тұтынатын бұйымдарды мәнерлеп, әшекейлеп отырған. Ою-өрнек өнерінің даму барысында әрбір тарихи дәуірдің өз таңбасы бар. Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтың келбеті айқын танылады. Халықтың географиялық ортасына, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты, ою-өрнек үлгілері әр түрлі жағдайда дамып, түрленіп отырады. Мәселен, ыстық аймақтарда тұратын халықтардың ою-өрнектерінде көбіне-көп жемістер мен өсімдіктер жапырағы, хайуанаттар болса, жер шарының солтүстік полюсіне жақындаған сайын ендіктерде мекендейтін халықтардың өрнек үлгісі регионалдық өзгеріске ұшырайды. Сонымен, ОЮ-ӨРНЕК дегеніміз – геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. Ою сөзін латынның ornamentum (орнамент), ал өрнек сөзін орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады. Ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар төрт топқа бөледі: 1. Өсімдік типтес ою-өрнек. Көкөніс өрнектерінде өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, дәні т.б. негізгі элементтері көрінеді. 2. Зооморфтық ою-өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, яғни аң, құс, балық т.б. түрлі жәндіктерді және олардың мүшелерін бейнелейді. 3. Космогониялық өрнек. Өрнектер дөңгелек, ирек, шимай т.б. құралады. 4. Геометриялық өрнек. Балдақ, тұмар, т.б. Жоғарыда аталған негізгі өрнек түрлерінен бөлек қазақ шеберлері көп қолданатын ою-өрнек элементтерінің мынадай атаулары бар: А) Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпірқосақ т.б. Ә) Заттардың атауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез, табақ, қармақ т.б. Б) Эпиграфиялық өрнектер – яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу. В) Ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ен таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері: тұмар, айшық, босаға, абақ, тарақ, көз, шөміш, шылбыр, көсеу, ашамай, т.б.

Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына. Қазақ қолөнерінде ою-өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың ою-өрнекпен безендірілмегені кемде-кем. Ою-өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну және эстетикалық мән-мағынасын аша түседі. Сондықтан қолөнер шеберлері жасаған заттардың әрқайсысының қалай әшекейленіп, өрнектелгеніне жіті зер салған жөн. Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді.

Халық шеберлері ою-өрнекпен, сәулетті ғимараттарымен, киім-кешек, жиһаз, қару-жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын т.б. тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған. Ою ойып, өрнек салам десеңіз… Өз бетімен ою оюды үйрену үшін мынадай құралдарды сайлап алу қажет: қайшы, қарындаш, өшіргіш. Бір парақ шаршы қағаз алының да, екіге бүктеңіз. Содан кейін өрт қабаттап бүктесеңіз үшбұрыш пайда болады. Сол үшбұрыштың бетіне болашақ өрнектің суретін салып, ақ бөлігі мен қара бөлігінің арасын қуалап, қайшымен ойып алыңыз. Ойып болған соң, қағаздың бүктеуін жазсаңыз, ою үлгісін аласыз. Міне, осы әдіспен әртүрлі жазықтық алып (шаршы, ромб, үшбұрыш, шеңбер) солардың ішіне әр түрлі өрнектермен композиция құруға болады.


Қызғалдақ Серіктайқызы, технология пәні мұғалімі

 

Пікірлер