Дәстүрлі құндылықтар бойынша жұмыстар атқарылуда

2560
Adyrna.kz Telegram

27 мамыр күні Алматыдағы Ғылым ордасында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру: дәстүр мен дін мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысымен «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында өткізілді. Дөңгелек үстелге ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұратов Серік «Ұлт қорғаны – ұлттық құндылықтар» тақырыбында, ҚазБСҚА-ның ассистенті, профессор Мейірманов Аманжол «Діни бірегейлік және рухани құндылықтар үндестігі» тақырыбында баяндама жасады.
Алматыдағы Ұлттық кітапханада мамырдың 24 жұлдызы «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Тарихтан тағылым: ұлттық идея және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Аталған конференция ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант негізінде «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты – тарихи мысалдар негізінде зайырлы қоғам ұғым-түсініктерін насихаттау, рухани құндылықтар арқылы діни-экстримистік ағымдарға қарсы тұру мәселелері талқыланды. Шараның шымылдығын ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова ашып, ары қарай бірлестік президенті Арман Әубәкірдің ұлттық идея, ұлттық құндылықтар жайлы кіріспе сөзімен жалғасты.
Ағартушылық жұмыстарға діни басқарманы тарту арқылы дәстүрлі құндылықтарды ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру; Діни мекемелердегі қалыптасқан түсінік бойынша қатып қалған діни қағидаларды, имамдардың көзқарастарын заман ағымына және ұлттық ерекшеліктерімізге сай икемдеу жұмыстарын жүргізу; Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру үшін ресми діни басқарманы қайта даярлау және біліктілігін арттыруға қолдау көрсету және жеке ауылдық білікті имамдарды жұмысқа тарту мүмкіндігін ұсыну бойынша 13 мамыр күні Астанадағы «Нұр Мүбарак» медресесінде имамдарға және діни білім алып жатқан студенттерге ұлттық тарихымыз мен ұлттық құндылықтарымыз туралы семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке 63 адам қатысты. Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі ҚҚ-ы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның (@cisc_official) мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырыла бастаған "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жұмысын ұйымдастыру" жобасы бойынша екінші іс-шарасын ұйымдастырды.
Бұл жолғы іс-шара Астана медресесінде іске асты. Онда дінтанушы Кеңшілік Тышханұлы және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір руxани құндылықтар жайында семинар-тренинг өткізді. 17 мамыр күні Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледжде Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі ҚҚ-ы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырыла бастаған "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жұмысын ұйымдастыру" жобасы бойынша «Рухани құндылықтар және теріс діни ағымдардың алдын алу» тақырыбы бойынша арнайы семинар-тренинг өтті. Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі ҚҚ-ы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырыла бастаған "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жұмысын ұйымдастыру" жобасы бойынша үшінші іс-шарасын ұйымдастырды.
Бұл жолғы іс-шара Алматы облысы, Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде іске асты. Онда Алматы облысы дін істері басқармасы "Діни экстермизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының" бөлім басшысы Матаев Ерлан Жұманұлы және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір руxани құндылықтар жайында семинар-тренинг өткізді.
13 мамыр күні «Адырна» - ұлттық-этнографиялық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінінің қолдауымен жүзеге асырыла бастаған "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жұмысын ұйымдастыру" жобасы бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасында дінтанушы Кеңшілік Тышханұлы және осы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір руxани құндылықтар жайында дәріс өткізді.
Дәріске Еуразия ұлттық университетінің "Пирамида" жас дінтанушылар клубы (жетекшісі Арулан Қуатов) мен "Алаш танымы" клубының (жектекшісі Ажар Қадысқызы) мүшелері қатысты.
Дәріс барысында студенттер ұлттық құндылықтар мен діни мәселелерге қатысты көкейлерінде жүрген әртүрлі сұрақтарды қойып барынша белсенділік таныта білді. Өз баяндамасында дінтанушы Кеңшілік Тышханұлы: «Қазақ ғалымдарының Құран және хадис мәтіндерін түсіндіру жолдарын немесе аят, хадистер мен ғалымдардың шығармаларының арасындағы байланысын зерттеу өте ауқымды тақырып болмақ. Болашақта бұл қадам қолға алынады деп сенеміз. Егер осы мәселені жаңғыртатын болсақ, төл діни түсінігімізге оралсақ, қазіргі дін саласында болып жатқан көптеген қайшылықтар мен түсініспеушіліктер өз шешімін табары сөзсіз. Сондықтан әсіре діншілдік пен радикализмнің алдын алудың ең төте жолы діни сабақтастықты сақтау, өткеннің мұрасын жаңғырту болмақ.

Пікірлер