Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау

3788
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/10/aaa-1.jpg
"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі" ҚҚ-ы (Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі ) "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның (CISC )мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырыла бастаған "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы бойынша дәріс ұйымдастырды. Атаулы шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (@kaznu_farabi ) Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының студенттерімен жүзеге асты. Дәріскер ретінде Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор, дінтанушы Дәурен Дариябек (@daurendariyabek ) және осы жолдардың авторы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір руxани құндылықтар жайында дәріс оқыды. ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының докторы, профессор Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманәлиева алғашқы сөз сөйлеп, іс-шараның шымылдығын түріп берді. Дәрісте ҚазҰУ шәкірттері ұлттық құндылықтар мен діни мәселелерге қатысты көкейлерінде жүрген әртүрлі сұрақтарды қойып барынша белсенділік таныта білді. Шара соңында ақпараттық-танымдық буклеттер таратылып, жастардың дәрісті қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында шағын сауалнама жүргізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии