Қылыш

4894
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2015/10/90d50608f7c9ad4c603021c8330013f8.png

Кезінде айқастарда кесу арқылы қолданылған қару – қылыш. Ертеректе семсердеп аталған оның екі жүзі, ал сапының бір жүзі болған. Қылыш (семсердің, сапының) бөліктері мынадай: кесетін темірі – «болаты», қолға ұстайтын бөлігі –«сабы». Ол ағаштан, мүйізден жасалып, ұшы алтындалып, асыл тастармен әшекейленеді. Сабына қолға іліп алу үшін тағатын жібі – «бүлдіргі». Бүлдіргінің ұшы кішкентай шашақпен бітеді. Қылыштың (семсердің, сапының) сапқа кіргізілетін бөлігі – «жетесі». Сабы мен қылыштың болаты түйіскен жерде қолды тіреп тұратын темірі – «балдағы». Қарудың маңызды бөлігі болғандықтан, балдақты алтындап, күмістеп, асыл тастармен әшекейлеген. Сақ, скиф, түркі, қыпшақтардың әр заманда қолданған сапы, семсер, қылыштарының балдақтары әр түрлі. Қылыштың болатының түзу бөлігі — «алқымы», кесуге қолданатын бөлігі – «басы», кесетін жері – «ұшы». Кейбір қылыштардың басы ауыр болу үшін жалпайыңқырап келіп, сырт жағы шығыңқы болады. Оны «жалманы» дейді.

 

Комментарии