Ғасыр жасаған басылым

812
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ұлттық кітапхана
Сурет: Ұлттық кітапхана

Биыл «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналының жарық көргеніне 100 жыл толып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басылым 1925 жылдың мамыр айында «Теңдік» газетінің негізінде «Әйел теңдігі» атауымен Орынбор қаласында шыққан болатын. 1926 жылдың шілде айынан бастап «Теңдік» газеті таралымы 3000 дананы құрайтын «Әйел теңдігі» атауымен шыға бастады.

Журналдың алғашқы редакторы – Қазақстанның қоғам қайраткері, редакторлар мен  журналистер арасындағы тұңғыш әйел, Қызыл киіз үйлер мен сенбіліктердің ұйымдастырушысы Сара Есова. Журналды шығару жұмысына Ш.Қожахметов, Р. Сүгіров, С.Мұқанов белсене қатысқан. 1955 жылғы қаңтар айынан бастап журнал «Қазақстан әйелдері» болып қайта аталды.     

Журнал әйел құқығы, олардың қоғамдағы және отбасындағы рөлі, Қазақстанның дәстүрлері мен мәдениеті, сәндегі заманауи үрдістер, сұлулық пен денсаулық туралы сынды тақырыптарды көтеріп жүр. Басылым «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Қазіргі уақытта «Қазақстан әйелдері»қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журналы тақырыптардың өзектілігін және материалдардың жоғары сапасын сақтай отырып, тұрақты түрде шығуды жалғастыруда. Журнал екі айда бір рет 1700 данамен шығады.

Пікірлер