Кәріз құдығына құлаған баланың өлімінен кейін. Аудан әкімі қызметінен босатылды

957
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

12 сәуірінде Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Тұран-1 ықшам ауданында №10 үй маңында болған қайғылы оқиға жұртшылықтың жүрегін ауыртты. Жаңбыр суына толып кеткен ашық кәріз құдығына құлап, 6 жасар бала қаза тапты. Марқұм баланың бірінші сынып оқушысы екені белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Тұрғындардың айтуынша, кәріз шұңқыры бір жыл бойы ашық жатқан. Алайда осы уақыт ішінде мәселе шешілмей келген.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, аталған шұңқыр қазіргі қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қызметіне кіріспей тұрып ашық жатқан. Бұл мәселені енді бір ай ішінде қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Осыған байланысты жауапты тұлғаларға нақты шаралар қолданылды. Қаратау ауданының әкімі болып үш жыл қызмет еткен Рақымберді Мүлкеманов қызметінен босатылды. Салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асыловқа сөгіс жарияланды. Сонымен қатар қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына да қатаң сөгіс берілді.

Қала билігі оқиғаның салдарын жоюмен қатар, осындай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Дегенмен, қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді деген пікірлер қоғамда кең таралған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер