Сот отырысында прокурордың айтуынша, оқиға орын алғаннан кейін Шерзат Полаттың әкесі ұлын және бауырын жеке көлігімен ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сараптама қорытындысына сәйкес, Шерзат Полаттың өліміне жоғарғы өкпе бөлігіндегі пышақ жарақаты салдарынан көп қан жоғалту себеп болған.
“Мәйітті зерттеу барысында келесі жарақаттар анықталды: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігіндегі жара – ауыр жарақат ретінде танылды және тікелей өлімге себеп болған. Сонымен қатар, басында, бетінде – мұрын, көз, ерін және саусақтар аймағында көгерген іздер анықталды”, – деді мемлекеттік айыптаушы сот отырысында.