АҚШ Ресеймен байланысты кемелерге қатысты тыйымды тағы бір жылға ұзартты

1100
Adyrna.kz Telegram
Фото: hse.ru
Фото: hse.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей туы астында жүзетін немесе Ресеймен байланысы бар кемелерге американдық порттарға кіруге салынған тыйымды тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы 16 сәуір күні АҚШ-тың федералды реестрінде жарияланған жарлықта айтылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

Аталған шектеу алғаш рет 2022 жылдың сәуірінде АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденнің бастамасымен енгізілген болатын. Ол кезде Байден бұл шешім “Ресейді халықаралық экономикалық жүйенің артықшылықтарынан айыру мақсатында қабылданғанын” мәлімдеген еді.

Дональд Трамп қол қойған жаңа жарлықта Ресей үкіметінің саясаты мен әрекеттері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп көрсетілген.

Санкциялар Ресей экономикасына айтарлықтай соққы тигізіп отыр. The Moscow Times басылымының 5 наурыздағы дерегінше, АҚШ санкциялары нәтижесінде Ресей федералды бюджеті мұнай-газ кірісінің шамамен 20%-ынан айырылған.

Ресей қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың ақпанында мұнай-газ саласынан түсетін салық көлемі 771,3 млрд рубльді құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға азайған. Сарапшылардың айтуынша, ресейлік мұнай компаниялары халықаралық қысымның күшеюіне байланысты өнімдеріне үлкен жеңілдіктер жасауға мәжбүр, бұл өз кезегінде бюджеттің табысын азайтқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер