Бір жылда - 58 мың адам. Жапонияда үйде жалғыз қалып қайтыс болғандардың саны жарияланды

1006
Adyrna.kz Telegram
Фото: AstanaTV
Фото: AstanaTV

Жапонияда 2024 жылы жалғыз тұратын қарт адамдардың 58 044-і өз үйлерінде қайтыс болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұлттық полиция агенттігінің мәліметінше бұл бір жыл ішінде тіркелген осындай алғашқы ресми статистика.

Агенттік бұл мәліметтерді үкіметтің жалғыздық пен оқшаулануға қатысты жағдайды анықтауға бағытталған зерттеуінің аясында жариялады. Үкімет бұл деректерді аталған мәселелерді шешуге арналған шараларды қарастыру үшін пайдаланбақ.

Агенттіктің 11 сәуірде жасаған мәлімдемесіне сәйкес, 2024 жылы полиция ел бойынша 204 184 мәйітті анықтаған. Олардың 76 020-сы өз үйлерінде жалғыз жатқан күйде табылған.

Жалғыз қайтыс болғандардың шамамен 76%-ын 65 жастан асқан адамдар құрайды. Жас топтары бойынша ең көбі – 85 жастан асқандар (14 658 адам), одан кейін 75-79 жас аралығындағылар (12 567 адам) және 70-74 жас аралығындағы азаматтар (11 600 адам).

Сондай-ақ, үйінде жалғыз қайтыс болғандардың қатарында жастар да болған: 20 жаста – 780 адам, 30 жаста – 1013 адам, ал 15-19 жас аралығында – 62 адам.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер